Мемлекеттік стипендияларды ұлғайту мөлшері Р/с
№
Стипендиаттар тізбесі
Пайызға
шаққандағы
ұлғайту мөлшері
1
Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен
құлағы кеміс мүгедектерге;
75
2
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және
соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен
оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс
мүгедектеріне теңестірілген техникалық және кәсіптік
(училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын
студенттерге, магистранттарға және интерндерге;
50
3
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы)
балалар қатарындағы техникалық және кәсіптік (училищелер,
колледждер), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге,
магистранттарға және интерндерге;
30
4
Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері
бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге,
магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан
Республикасы Президентінің стипендиясын алатын
студенттерден басқа).
15
Ескерту: Қосымшадағы ұлғайту мемлекеттік стипендияның тағайындалған мөлшеріне қатысты жасалады
(басқа ұлғайтуларды есепке алмайды).