153
45. Магистратура/докторантурада білім алушыларың ғылыми жетекшісі/ғылыми
кеңесшісі магистран/докторанттың жеке оқу жұмысын жасауға және нақтылауға қатысады,
олардың оқу және ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарына бағыт береді және жеке
оқу жұмысында көрсетілген барлық жұмысының сапалы болуына жауап береді.
46.
Магистрант/докторанттардың
ғылыми
жетекші/кеңесшілері
университет
ректорының бұйрығымен факультеттің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде оқудың алғашқы
екі айында бекітіледі.
47. Ғылымның әр түрлі саласынан кеңесші тағайындау магистратура/докторантура
бағдарламасымен білім алу барысында оқудың кез келген кезеңінде жүзеге аса береді.
48. Факультеттің ғылыми кеңесінің қарастыруымен
білімгерлердің ғылыми
жетекші/кеңесшісінің заманауи түсініктегі кандидатурасын ұсынуға бітіруші кафедраның
меңгерушісі жауапты, магистрантар мен докторанттар олармен дайындықтан өтеді.
49. Магистрант/докторанттардың ғылыми жетекші/кеңесшілерін ауыстыру, ғылымның
басқа саласынан кеңесші тағайындау және т.б. бітіруші кафедрада
факультеттің ғылыми
кеңесі арқылы шешіледі.
50. Докторанттың кеңесші комиссиясының құрамындағы
ғылыми кеңесшілер
докторанттың академиялық дайындығына жылына кем дегенде бір рет баға береді, керек
болса оның жеке жұмыс жоспарына өзгертулер енгізеді және бітіртуші кафедраға, факультет
деканатына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоо кейінгі білім беру Институтына ақпарат беріп
отырады.
51. Магистрант/докторанттардың ғылыми жетекші/кеңесшілері факультеттің ғылыми
кеңесінің жиналысында білімгерлердің оқу бағдарламаларын меңгеруі жайында жыл сайын
есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: