152
- кәсіби оқу бағдарламасыныңэлективті пәндер (модульдер)
каталогы;
- оқу-әдістемелік кешендер, сонымен бірге оқу құралдары мен силлабустар;
- әрбір пәннің (модульдің) аудиториялық жұмысына арналған мәліметтер: дәріс
мәтіндері, бөліктерге бөлінген семинар және лабораториялық жұмыстардың жоспары, олар
ағымдағы аттестацияның апталары мен қабылдау кестесін, бақылау түрін көрсетеді;
- магистранттар мен докторанттардың өзіндік жұмыстарына арналған мәліметтер:
тесттер,
тапсырмалар, әрбір пән (модуль) бойынша өздік бақылау тапсырмалары, СРМ,
СРМП, СРД, СРДП тақырыптары бойынша қосымша әдебиеттер, оқуға және ғылыми
сұрақтарға қатысты
жеке кеңес беру кестесі;
-біліктілікті бақылауға арналған мәліметтер: жазбаша бақылау жұмыстары мен тесттер,
емтихан билеттері, іскер ойындар кестесі, тренингтер, дискуссияның тақырыптық сұрақтары,
дөңгелек үстелдер, СРМ, СРМП, СРД және СРДП қабылдау кестесі;
- практика өткізуге арналған мәліметтер: жоспарлар мен практика бағдарламалары,
есеп беру құжаттарының формасы;
- ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарының өтуіне арналған мәліметтер
(бағдарламалар, ғылыми семинарлардың жұмыс кестесі және т.б.);
38. Факультет пен бітіртуші кафедра ЖОО-дан кейінгі білім
беру процесінде жоғары
квалификациялы мұғалімдер мен ғалымдардың назарын аударуда, сондай-ақ магистрлер мен
докторларды дайындау бағытында жоғары сапалы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында
алдыңғы қатарлы ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік
орталықтармен қарым-қатынас орнатпақ. Бітіртуші
кафедра магистратура мен
докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын практика бағдарламасымен қамтамасыз етеді
және білімгерлердің академиялық мобильділік бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай
жасайды.
39. ЖОО кейінгі білім алушылар анықтама-жолсерікпен қамтамасыз етіледі, онда жоо
кейінгі білім алушылар аясындағы университеттің академиялық саясаты,
білім алушының
құқығы мен міндеттері, үлгерім бағаларының методикасы, қорытынды мемлекеттік
аттестацияға деген талаптар көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: