Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-



Pdf көрінісі
бет80/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   208
3.5. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-
зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 
 
76. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеу/тәжірибе-
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жоғары квалификациялы ғылыми-педагогикалық 
кадрлармен, лабораторлық-зерттеу және ғылыми-әдістемелік базалармен қамтамасыз етілген 
бітіртуші кафедралар жүзеге асырады. Пәнаралық мәнге ие білім алушылардың ғылыми-
зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстары екі немесе одан да көп факультет немесе кафедрада 
жүзеге асуы мүмкін. 
77. Магистрант/докторанттардың дайындығын жүзеге асырушы бітіртуші кафедралар 
шетелдің бетке ұсар кредиттелген мекемелерімен, ғылыми орталықтарымен, халықаралық 
кәсіби ассоциация мен ұйымдармен ғылыми-білім беру қарым-қатынаста болуы тиіс, ол 
ғылыми-зерттеу және зерттеу-тәжірибе қызметі үшін жоғары квалификациялы мамандардың 
шетелдік дайындықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
78. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеу/тәжірибе-
зерттеу жұмыстары жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асады. Бітіртуші кафедра 
магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зеттеу тақырыптарының сәйкестігін 
қамтамасыз етуі керек және докторанттардың кафедра мен факультеттің ғылыми-зерттеу 
бағытындағы диссертациялық зерттеулерін қамтамасыз етуі керек және ЖОО кейінгі кәсіби 
оқу бағдарламасымен білім алушылардың ғылыми жобаларға және университет НИИ 
назарын аударту керек. 
79. Магистрант/докторанттардың ғылыми жетекшісі/кеңесшісі білімгердің зерттеу 
жұмысының өтуіне барлық жағдайды жасауы тиіс (қажетті қайнар көздер мен ресурстарға 
жол ашу; көмектесу және зерттеу жұмысын орындау барысында кеңес беру; оқып жатқан 
мәліметтер туралы айту; қажетті жағдайда білімгердің зерттеу жұмысын жүргізуді басқа 
ғылым және білім ұйымдарында өткізу, оның ішінде танымал әлемдік шетел орталықтары да 
бар; зерттеу қорытындысын жариялымға дайындауға көмектесу; білімгердің оқу 
бағдарламасын меңгеруінде туындаған басқа да қиындықтарды шешу). 
80. Магистранттың ғылыми жетекшісі/докторанттың ғылыми кеңесшісі білімгердің 
дайын болған диссертациялық жұмысына объективті баға беруі керек және оны 
диссертацияны ел алдында қорғау барысына дайындауы керек. 
81. Магистрант/докторанттың ғылымижетекшісі/кеңесшісі бағдарламаның сапасы мен 
қорытындысына, сондай-ақ ғылыми іс-тәжірибе базасын таңдауға, білімгердің зерттеу және 
кәсіби практикасына жауапты. 
82. Магистранттар мен докторанттардың дайындығын жүзеге асыратын бітіртуші 
кафедра білімгерлердің зерттеу жұмыстарын теориялық және қосымша зерттеудің үлкен 
бағдарламасы аясында ұйымдастыруы керек және апробация үшін алынған қорытындының 
мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі керек. 
83. Бітіртуші кафедралар жиі өтіп тұратын ғылыми-практикалық семинар 
бағдарламаларын жүзеге асыруы керек, ол магистратура мен докторантура білімгерлерінің 
ғылыми бірлестік пен академиялық емес секторлардың өкілдері үшін өткізілетін ғылыми-
зерттеу жұмыстарын анықтайтын презентациялар. 
84. Бітіртуші кафедралар магистратура/докторнатура білімгерлерінің лабораторлық-
техникалық және ақпараттық ресурстар мен зерттеу жұмыстарына жүргізілетін ағымдағы 
үздіксіз бақылауға қажетті зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз етуге жауапты. 
85. Магистратура/докторантура білімгерлерінің ғылыми-зерттеу/тәжірибе зерттеу 
жұмыстарын жоспарлау білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес семестр сайын 
жүзеге асады. Білімгерлердің әрбір академиялық кезеңінің соңында ғылыми жетекші/ғылыми 
кеңесшінің қатысуымен зерттеу жұмысының өту қорытындысына презентация ұсынылады. 
86. Магистратура білімгерінің ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстары, тәжірибе-
зерттеу жұмыстарынан басқа бірінші оқу жылының соңында курстық жұмыс жазу мен оны 


157
қорғауды да міндетке алады, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау екінші оқу 
жылында жүзеге асады. 
87. Докторантурада оөитын білімгердің жұмысына ғылыми - зерттеу/ эксперементалды-
зерттеулер енуі міндетті. Диссертацияға кіретін басты шарттар: 
- Диссертациялық зерттеу жұмысы ағымдағы 6 оқу сестірінде жасалуы тиіс – 6 
кредит; 
- Диссертация бойынша ғылыми мақалалар жарық көруі керек – 14 кредит; 
- Шет елдік ЖОО-да докторант ғылыми тәжірбиеден өтуі керек – 8 кердит. 
88. Курстық жұмыстың, курстық жобаның және докторлық диссертация жобасының 
құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар университеттің нормативті құжаттарына 
сәйкес анықталады. 
89. Мемлекеттік білім беруге тапсырыс аясында магистратураның білім беру 
бағдарламасын меңгеру барысында алыс және жақын шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-дан 
немесе үлкен зерттеу орталықтарына барып іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар. 
Докторантура білімгерлеріне алыс және жақын шетелдің алдыңғы қатарлы әлемдік ғылыми 
орталығына немесе жоо-на (кем дегенде 2) барып іс-тәжірибеден өту міндеттелген. Шетелге 
шығып с-тәжірибеден өту бағдарламасы білімгердің ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу 
жұмыстарының дайындығымен және жеке жоспарымен өңделеді және факультеттің Ғылыми 
кеңесінің шешімімен нақтыланады. Іс-тәжірибемен шетелге шығу ұзақтығы және 
қаржыландыру нормативі ҚР ҒБМ нормативті құжаттарымен және шетелде оқушылар мен 
ППС университетінің іс-сапар тәртібі туралы Ережемен орнатылады.
90. Білімгерлер іс-тәжірибемен шетелге шығудың қорытындысы жөнінде бітіртуші 
кафедраның жиналысында есеп береді. Сондай-ақ білімгерлердің есебі факультеттің Ғылыми 
кеңесінің жиналысында да тыңдалады және ЖОО кейінгі білім беру Институтына жіберіледі. 
91. Әрбір оқу жылының соңында бітіртуші кафедралар білімгерлердің іс-тәжірибемен 
шетелге шығуына және шетелдік ғылыми жетекші/кеңесшінің жұмысына қорытынды анализ 
жүргізеді және сол мәліметтердің аналитикалық мәліметтерін университеттің жоо кейінгі 
білім беру Институтына таныстырады. 
92. Магистранттың зерттеу жұмысының қорытындысы кем дегенде 1 ғылыми-
әдістемелік басылымда жариялануы керек, оның ішінде ғылыми мақалалар, алдыңғы 
патенттер 
(патенттер), 
баяндамалар, 
халықаралық, 
республикалық, 
аудандық 
конференциялардың баяндамалар тезисі, шолу ақпарат, аналитикалық шолу мен ақпараттар 
парағы да бар. 
93. Докторанттың зерттеу жұмысының қорытындысы кем дегенде 7 ғылыми-
әдістемелік басылымда жариялануы керек, оның ішінде: 
- шетел ғылыми басылымдарында бір немесе бірнеше мақалалар, олар Thomson Reuters 
компаниясының ғылыми журналында осы деректер базасының нөлдік емес импакт-
факторына немесе Scopus деректер базасына кіреді, 
- отандық ғылыми-әдістемелік басылымда кем дегенде 3 мақала, олар білім және 
ғылым саласының бақылау Комитетімен (БҒСБК) ұсынылған; 
- халықаралық ғылыми/әдістемелік конференцияларда кем дегенде 3 рет ел алдында 
сөйлеу, оның ішінде бір халықаралық конференцияда. 
94. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми/әдістемелік мақалаларында қорғауға 
түсетін диссертациялық жұмыстың басты ережелері көрсетілуі керек. 
95. Ғылыми есеп, ғылыми мақалалар мен диссертациялық жұмысқа дайындық кезінде 
плагиат жасаған немесе басқа зерттеушілердің тәжірибе-зерттеу жұмыстарының 
мәліметтерін рұқсатсыз қолданған жағдайда, сонымен бірге фальсифицияланған 
мәліметтерді қолданған жағдайда магистратура/докторантура білімгерлері Дисциплинарлы 
комитеттің шешімі бойынша жоо кейінгі білім алу бағдарламасында қайта оқу құқығынан 
айырыла отырып университеттен қуылады. 
 


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет