Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Магистранттар мен докторанттардың жеке жұмыс жоспарын бекіту



Pdf көрінісі
бет78/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   208
3.3. Магистранттар мен докторанттардың жеке жұмыс жоспарын бекіту 
52. Магистратура/докторантура кәсіби оқу бағдарламаларын үйренушілер оқудың 
алғашқы 3 айында жеке жұмыс жоспарын дайындайды және нақталайды, ол мына 
бөлімдерден тұрады: 
- жеке оқу жоспары; 
- жеке ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарының жоспары; 
- іс-тәжірибеден өту жоспары; 
- диссертация тақырыбының негіздемесі мен құрылымы; 
- диссертацияны орындау жоспары; 
- ғылыми жариялымдар мен өтілдер жоспары (докторанттар үшін – әлемнің танымал 
ғылыми орталықтарында және алыс шетел жоо-да). 
53. Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) негізінен білім беру бағдарламаларының оқу 
компоненттерін меңгеру үшін керек. Жеке оқу жоспарында магистрант/докторанттың жеке 
оқу траекториясын айқындауға болады. Керек болған жағдайда ЖОЖ жыл сайын нақтылана 
түседі. 
54. Білімгердің жеке ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарының жоспары 
(ЖҒЗЖЖ/ЖТЗЖЖ) магистрант/докторанттың білім беру бағдарламасын меңгеретін барлық 
кезеңді қамтиды. Жеке ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарының жоспарында 
диссертациялық зерттеудің тақырыбы, зерттеу бағыты, есеп беру уақыты мен формасы 
көрсетіледі. 
Докторантура 
білімгерінің 
жеке 
ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу 
жұмыстарының жоспары докторанттың барлық кеңесші комиссия мүшелерімен нақтылануы 
тиіс. Керек болған жағдайда ЖҒЗЖЖ/ЖТЗЖЖ жыл сайын нақтылана түседі. 
55. Білімгердің іс-тәжірибеден өту жоспары іс-тәжірибе бағдарламасынан, іс-тәжірибе 
базасының сипаттамасынан, өтетін уақыты мен есеп беру формасынан тұруы керек. 
56. Білімгердің ғылыми жариялымдар жоспары жариялымдар тақырыбынан, жұмыс 
жарияланатын ғылыми баспаның атауынан, жариялыммен жұмыс жасауға кеткен уақыттан 
тұруы керек. Білімгердің ғылыми өтілдер жоспары өтіл бағдарламасының мақсаты мен 


154
міндеттерінен, өтіл базасының сипаттамасынан, өтіл уақыты мен есеп беру формасынан 
тұруы керек. 
57. Білімгердің магистратура/докторантурада білім алу бағдарламасының жеке жұмыс 
жоспары факультеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. Магистратурада білім 
алушының академиялық мониторнигін ұйымдастыру мақсатында магистранттың жеке 
жұмыс жоспарының бір көшірмесіғылыми жетекшіде, бір көшірмесі бітіртуші кафедрада 
сақталуы керек. Докторантурада білім алушының ЖЖЖ оның барлық кеңесші 
комиссияларына беріледі, сонымен бірге бітіртуші кафедрада және докторанттың жоо 
кейінгі білім беру Институтындағы жеке құжаттарында сақталды. 
58. Білімгердің ЖОЖ-на кіретін жоғарғы кредит саны ағымдағы семестр мен оқу 
жылына сәйкес келеді. Дайындық түрі келісімшарт негізінде жүретін білімгер өзінің ЖОЖ-
ындағы пәндер санын азайтып алуына болады, ол оқу жоспары бағдарламасында 
қарастырылған, сонымен бірге оқу бағдарламасын меңгеру өсе түседі. 
59. Жеке оқу жоспарын білімген мен оның ғылыми жетекшісі/көмекшісімен келісу 
арқылы жасалады. ЖОЖ бекіту тіркеу регистрациясы (офис регистрация) және факультет 
деканының бекітуі арқылы жүзеге асады. Бұл құжаттың үш данасын жасайды да, бір данасын 
білімгер өзіне алып қалып, қалған екеуін офис регистратор мен факультет деканына 
тапсырады. ЖОЖ тіркелгеннен кейін 4 апта ішінде офис регистратор мен факультет 
деканына өткізуге міндетті. 
60. Ағымдаңы оқу жоспарының талабына сай, білімге өзінің ЖОЖ-сын оқу 
бағдарламасы толықтай енуіне және оқылатын курсқа лайықты болуына жауапты. 
61. Білімгерлер білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес және өзінің ғылыми 
жетекші/кеңесшісінің келісімімен ЖОЖ-ын келесі семестр басталғанша өзгертуге құқылы. 
62. Білімгерлер оқу пәндерін жазғы семестрде де меңгере алады, оның ұзақтығы 6 апта, 
ол пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны жөндеу, академиялық демалыс кезінде 
оқылмаған пәндердің орнын толықтыру несеме басқа жоо-нан ауысқан кезде, немесе өзінің 
жеке оқу жоспарына өзгерту енгізу кезінде сабақтарын дұрыстау мақсатында жүргізіледі. 
Білімгер жазғы семестрдің талап етілген кредиттерін меңгеру үшін кем дегенде екі пәнге 
тіркелуі керек және жазғы семестрдің басталуына 3 күн қалғанша үлгеруі керек. Жазғы 
семестрде оқу тек қана ақылы түрде жүзеге асады. 
63. Жоғары академиялық рейтингтегі (В+ және одан жоғары) білімгерлер келісімшарт 
негізінде басқа пәндерді қосымша оқуға құқылы. Бір академиялық кезеңде меңгеретін кредит 
санын факультет ғылыми кеңесі шешеді, ол әрбір оқу бағдарламасына жеке-жеке 
дайындалады. 
63. Отандық және шетелдік білім және ғылым ұйымдарында теориялық оқу 
кредиттерін меңгерген магистратура/докторантура білімгерлеріне пән бойынша кредиттер 
аударылуы мүмкін, ол университеттің білім беру бағдарламасының оқу жоспарымен 
бекітілген. Әрбір нақты жағдайдағы кредиттердің эквиваленттілігі туралы сұрақтар бітіртуші 
кафедра мен факультет деканатында қаралады, мұнда білімгерлер пәндер бойынша 
қорытынды бағалар мен жиналған кредиттер саны көрсетілген транскриптті таныстырады. 
64. Білімгерлердің жеке жұмыс жоспарының нақтылануына олардың ғылыми 
жетекші/ғылыми кеңесшілері мен бітіртуші кафедраның меңгерушісі жауапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет