3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚБТ пайдаланып оқытуды ұйымдастыру
6. Білім алушылар теоретикалық оқу кезеңінде оқылатын пәндерді қашықтықтан білім
беру электронды жүйесі арқылы оқиды. Ол жүйеде барлық оқу материалдары (дәріс
конспектілері, видео дәрістер, презентациялар), тапсырмалар (тесттер, жазбаша тапсырмалар,
ұжымдық талқылау) ұсынылған, оқытушымен online (чат, аудио – видео конференция) және
offline (хат алмасу, дискуссиялық форум) кеңес алу жүзеге асырылған.
7. Қашықтықтан оқыту сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін жылына екі оқу
семестірін құрайды. Семестрдің ұзақтығы мамандықтың академиялық күнтізбесіне
сәйкестендірілген.
8. Сырттай оқу бөлімінің студенті емтиханға жіберілу үшін бір оқу семестірінде
қашықтықтан оқыту жүйесінде тапсырмаларды орындау арқылы әр пәннен екі аралық
бақылаудың қосындысы (АБ1+АБ2) 50% - дан кем болмайтын балл жинауы тиіс. Сырттай
оқу бөлімінің студенттері пәндердің соңғы емтиханын университетте тапсырады.
9. Күндізгі оқу бөлімінің студенттері академиялық күнтізбеде бекітілген уақытта (жеке
оқу жоспары бойынша) АБ1 және АБ2 тапсыруы тиіс. Қайта оралып, оқу статусына қайта
келгеннен кейін емтихандарын университетте тапсырады. Білім алушының жеке, өз қолымен
жазылған шетелдік іссапардан келу туралы өтінішінің негізінде бұйрық шығарғаннан кейін,
факультет деканы бекіткен емтихан кестесі бойынша қашықтықтан оқыған сабақтарынан
емтихан тапсырады. Семестірлік аралық бақылаудың қосындысы 50%- нан кем балл алған
білім алушылар емтихан сессиясына жіберілмейді.
10. Шетелдік іссапармен кетіп, ҚБТ арқылы оқитындарға теориялық білім алу мерзімі
әр студенттің іссапар уақытына байланысты.
4. ҚБТ пайдаланып оқытуға қатысушылардың қызметтері мен міндеттері
11. Университетте ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік,
ақпараттық және техникалық қолдауды жүзеге асыратын құрылым Қашықтықтан білім беру
орталығы (ҚБО) болып саналады. Оның құрамында келесі қызметтері бар арнайы
құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) ҚБТ бойынша оқу үдерісін әкімшік жасау секторы;
2) мультимедиялық зертхана;
3) ҚО-ды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету секторы.
Оқу үдерісін әкімшік жасау қызметі оқу процесін ҚБТ бойынша жоспарлайды және
ұйымдастырады, ҚБТ-на байланысты құжаттаманы жүргізеді, оқытушылар мен
тьюторлардың біліктілігін жоғарылатуды жоспарлайды, білім алушылардан бақылау
материалдарын (бақылау және курстық жұмыстар, эссе, реферат, жазбаша емтихан тапсыру
парағы және тағы сияқтылар) басып шығарылған немесе электрондық нұсқаларда жинауды;
осы материалдарды сәйкес тьюторларға білімді бағалау үшін тапсыруды ұйымдастырады;
тьюторлардан алынған ағымдағы үлгерім туралы деректерді бірыңғай ақпараттық деректер
базасына енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Мультимедиялық зертхана қызметі электрондық оқулықтарды, мультимедиалық
курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа бақылау түрлерін әзірлеуді, иелікке алуды және
игеруді жүзеге асырады, тестілеу жүйелерін және білімдерді бақылау түрлерін, ҚБТ-ға
арналған ақпараттық ресурстарды пайдалану әдістемесін әзірлейді.
13. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтан білім берудің
бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын құрастыру, игеру және қолдаумен
айналысады.
14. ҚБТ бойынша оқытушылардың қызметі мен міндеттері.
185
Оқытушылар қашықтықтан білім беру жүйесі бойынша сабақ міндеттелсе, ол келесі
қадамдарды орындау тиіс:
1) Қашықтықтан оқыту жүйесімен жұмыс жасау үшін ҚББО тіркеуден өту;
2) ҚБТ қолданыуды үйрену;
3) Қашықтық курстары талаптарына сай таңдалған пәннен оқытуға бір апта қалғанға
дейін УМКД құру;
4) УМКД-ны қашықтықтан оқыту жүйесіне орналастыру;
15. Мұғалім апта сайын білім алушылардың жазбаша орындалған тапсырмаларын
тексеріп, бағасын қою үшін қашықтық курстары жүйесіне кіріп отыруы тиіс. Қашықтықтан
білім беру технологиялары бойынша оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін
қолдануы керек.
16. ҚБТ-рын қолданып білім алу үшін, білім алушыда жылдамдығы 512 кб/с –нан кем
емес интернет жүйесіне қосылған дербес компьютер болумен қатар мультимедиялық
құралдары да болуы тиіс(вэб – камера, гарнитура).
17. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар еркін нысанда білім беру ұйымы
басшысының атына оқуда ҚБТ-ны пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері
келтірілген және растаушы құжаттарды ұсына отырып өтініш жазады.
18. ҚБТ қолданып білім алу үшін сырттай оқу бөлімінде білім алатын студенттерге
келесі қадамдарды орындау керек:
1) ҚБТ қолданып білім беру бөліміне ауысу үшін университет ректорының атына
өтініш жазу;
2) Үйрену аптасы кезінде электронды ҚББО –ның жүйесімен жұмыс жасауды міндетті
түрде үйрену;
3) Жеке оқу жоспары мен ҚБТ бойынша жеке оқу кестесімен танысып, оларға қол қою.
4) Өз мамандығымен жұмыс істеген жағдайда жұмыс орнынан анықтама алу.
19. Оқу семестрі аяқталғанда,белгіленген күнде сырттай оқу бөлімінің студенті емтихан
тапсыру үшін университетке келуі керек.
20. ҚБТ қолдана отырып білім алу үшін күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне
(магистранттарға) келесі қадамдарды орындау керек:
1) ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар еркін нысанда білім беру ұйымы
басшысының атына оқуда ҚБТ-ны пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері
келтірілген және растаушы құжаттарды ұсына отырып өтініш жазады (шақыру, мүгедек
балалардың қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі
туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы қоса
беріледі, шұғыл әскерге шақырылғандар үшін әскери бөлімшеден анықтама алу)
2) Электронды ҚББО-ның жүйесімен жұмыс жасауды міндетті түрде үйреніп тіркеуден
өту;
3) Кафедра меңгерушісі мен сәйкес пәндердің мұғалімдерімен келісіп бекітілген оқу
жоспары мен ҚБТ бойынша оқылатын оқу графигіне қол қою;
21. Бакалавр деңгейінде білім алатын студенттер қажет жағдайда жеке оқу жоспарының
50% -нан аспайтын ҚБТ бойынша оқылатын сабақтарға тіркеле алады.
22. Магистр деңгейінде білім алатын студенттер қажет жағдайда жеке оқу жоспарының
ҚБТ бойынша оқылатын барлық сабақтарға тіркеле алады.
23.
Білім
алушының
шетелдік
іссапары
бойынша
бұйрық
шыққан
жағдайда(бакалаврлар мен магистранттар) ҚБТ бойынша жоспарланған пәндерден бас тарта
алмайды.
24. Тьютор – мұғаліммен оқылатын пәнді білім алушыға игеруге көмектесетін адам.
25. Тьютордың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Қашықтықтан білім беруге қатысты барлық сұрақтарға мұғалімдер мен білім
алушылардың сұрақтарына жауап беру(электронды почта арқылы, телефон арқылы, он-лайн
режимде);
2) Өзінің міндеттеріне кіретін білім алушының сұрақтарына әдістемелік көмек көрсету;
186
3) Жеке оқу жоспары бойынша элективті пәндерді таңдау бойынша білім алушының
сұрақтарына жауап беру;
4) Үйрену аптасында білім алушыны жеке оқу кестесімен таныстыру;
5) Бекітілген кесте бойынша онлайн режимде вебинар мен консультациялар өткізу;
6) сәйкес факультеттер мұғалімдерінің ЭПОӘК жұмыстарын енгізу туралы ҚББО-ның
оқу процессінің әкімшілендіру секторына уақытылы есеп берулерді (Есеп беру№1,Есеп беру
№2)өткізу.
26. Факультеттердегі әдістемелік бюролардың қызметі мен міндеттері:
1) Білім алушылардың оқу үлгерімдерін қадағалау;
2) ҚББО-ның қызметкерлерімен бірлесіп ҚБТ бойынша құрылған ПОӘК сапасын
тексеру.
3) Мұғалімдердің уақытылы жұмыс жасауын қадағалау (ЭПОӘК жүктеу, бңлңм
алушылардың жауаптарын бағалау)
4) Бекітілген кесте бойынша онлайн режимде вебинар мен консультациялар өткізу.
187
Достарыңызбен бөлісу: |