176
§17
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.
Жалпы ережелер
1.
Ережелер университеттің оқу-әдістемелік жұмысын реттейді.
2.
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және
тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу
және енгізу, білім беру ұйымдарында және университеттегі
педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3.
Оқу-әдістемелік жұмыстың міндеттері:
- білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен
нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;
- педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық ойлауын дамыту,
біліктілігін және
кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету;
- профессорлық-оқытушы ұжымның ғылыми-әдістемелік потенциалын жетілдіру болып
табылады
Университеттегі оқу-әдістемелік жұмысты басқару міндеті сәйкес құрылымдық
бөлімшелерге жүктеледі.
2.
Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны
4. Университеттегі оқу-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1) нормативтік құқықтық құжаттарды, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім
мамандықтарының жіктеуішін, мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттарын
жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды
енгізу, оқытудың автоматтандырылған жүйелерін, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін,
ақпараттық кітапханалық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) оқу бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламаларының жобаларын дайындауға
қатысу;
4) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер,
оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде
электрондық тасымалдағыштардағы материалдарды әзірлеу;
5) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе мен білім беруді ақпараттандыруды
іріктеп тарату жөніндегі іс-шараларды өткізу;
6) дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;
7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік
құжаттар әзірлеу және
енгізу;
8) мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру
жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
9) оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын сараптау;
10) оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың білім алушылардың ағымдық
үлгеріміне әсерін талдау;
11) пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін (ПОӘК) жасау;
12) тест тапсырмалары мен білім алушылардың білімін бақылаудың басқа да
нысандарын
әзірлеу және сараптау;
13) білім беру үдерісін оқу әдебиеттерімен және әдістемелік әзірлемелермен
қамсыздандыру мониторингін жүзеге асыру;
14) білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету;
177
15) оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың
сапасына талдау жүргізу;
16) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;
17) оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар,
конференциялар,
кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
18) білім алушылардың контингентін олардың бейінін, дайындық деңгейін және
мүмкіндіктерін ескере отырып жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз
ету;
19) маман даярлаудың қазіргі және перспективті бағыттары бойынша мамандар
қажеттілігін болжау үшін деректер базасын құру мақсатында
маркетингтік зерттеулерді
ұйымдастыру;
20) оқу орнын бітіргеннен соң бітірушілерді жұмыспен және оқумен қамтуын
әдістемелік қамтамасыз ету (мамандарға сұранысты зерттеу, бітірушілерді сауалнамадан
өткізу, кәсіпорындармен байланыс жасау, бітірушілерді бөлу картасын құру,
бітірушілер
жәрмеңкесін ұйымдастыру);
21) оқытудың барлық деңгейінде мемлекеттік, орыс және шет тілдерін оқыту жөнінде
ұсынымдамалар әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: