2. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібі 3. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін
білім беру ұйымдарында:
1) білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік
ақпараты бар парақтарымен білім беру порталының;
2) телекоммуникациялық желіге шығу мүмкіндігі бар жабдықтың (Интернет, спутниктік
теледидар);
3) мультимедиялық сыныптардың және электрондық оқу залдарының;
4) оқу контентінің;
5) меншікті контентті (локалді және желілі) құруға арналған зертханалар
мультимедиасының;
6) тестілеу кешенінің;
7) оқытуды басқарудың желілік жүйесінің (Learning Management System – LMS);
8) оқу контентін басқару жүйесінің (Learning Content Management Syst – LCMS) болуы
талап етіледі.
4. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін
білім беру ұйымдарында:
1) білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін педагогикалық қызметкерлерге,
профессорлық-оқытушылық құрамға жағдай жасайды;
2) білім алушыларға оқу материалын ақпараттық технологиялар немесе қағазда
тасымалдағыштар арқылы жеткізеді;
3) «on-line» режимінде кеңес беруді ұйымдастырады және өткізеді;
4) «off-line» режимінде білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады;
5) «on-line», «off-line» режимінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
бақылайды;
6) аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың тұлғасын сәйкестендіреді.
5.ҚБТ білім алушылардың мынадай санаттарына қолданылады:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және жоғары білім
базасындағы қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;
2) барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде
мүгедек балалар, І және ІІ топтығы мүгедектер болып табылатын тұлғалар үшін;
3) «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде білім
алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім
алушылар;
4) жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке
шақырылғандар.
184
5) жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы
тұлғалар;