Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет30/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 1-кезең – үлгілендіру; 2-кезең – жоба құрастырушылық; 3-кезең – 
қорытынды жасау, өнім жасау .
Педагогикалық жобалаудың негізгі ұстанымдары: адамға бағытталуы 
(негізгі рөл –адам); өзін-өзі дамыту қағидасы, дидактикалық шығармашылық 
технологиялық шығармашылық, ұйымдастыру шеберлігі.
Педагогикалық жобалау технологиялары
педагогикалық міндеттерді 
танып білу, берілген ақпараттарды талдау және педагогикалық диагноз қоюдан 
тұрады. Демек, бұл әдістемелік, стратегиялық шұғыл мақсаттарды жобалау 
және бір-біріне бағындыру, оқытылатын пән бойынша мазмұнды іріктеу, 
шартты айқындалған педагогикалық оймен жұмыс істеу, білім алушылардың
өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесін жобалауы, білім 


72 
алушылардың өзін-өзі бақылауға арналған дидактикалық тестерді жобалай 
білуімен сипатталады.
Техникалық жоба 
– конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау 
кезіндегі 3 – кезеңде (эскиздік жобадан кейін), оған мына кезеңдер жатады: 
жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, агрегаттар конструкциясын жасап шығару. 
Жоба нобайы
– бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы 
жасаудың 2 – кезеңінде (техникалық ұсыныстан кейін), оған мынадай кезендер 
жатады: эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы 
пішімдеу, конструкциялық құжаттар мен пішіндердің жиынтығында 
жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі 
пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер 
болуы керек [175,с. 9].
Жеке тұлғалық қалыптасу жобалары 
– 
 
жеке тұлғалық қалыптасу жобасы 
қатарына акмеологиялық немесе тұлғалық жеке кәсіби жолды өзіндік жобалау, 
биографиялық жобалау болып табылады. Акмеологиялық жобаны жүзеге асыру 
мәні мен мазмұнына өзіндік өмірлік мәселелерін ұғыну, ішкі күйін 
үйлесімдендіруге бағытталған.
Акмеологиялық жобалау 
– жеке тұлғалық қалыптасуға бағытталған 
жобаның түрі. Жобаның мақсаты – педагогтің іс-әрекет контекстісін құрайтын 
адамдар шеңберін анықтау, педагогтің педагогикалық іс-әрекетін зерттеу,
мүмкін болатын педагогикалық іс-әрекеттің акмеологиялық моделін құру.
Тор жобалар 
– тор режимінде телекоммуникациялық жобалар үлкен 
сұранысқа ие. Бұл жобаға қойылатын талаптар: ортақ талқылау және шынайы 
жүзеге асыру жағдайларының болуы; ақпараттық іздеудің түрлі формаларын 
қолдану; телекоммуникациялық торларда белсенді жұмыс істеу идеяның 
анализі мен синтезі режимінде ақпарат алмасу; әртүрлі аймақтар бойынша 
мәліметтерді жинау; мәтіндік ақпаратты көбірек қолдану; жауап беру 
уақытының 
шектеулігі. 
Жобалап 
оқыту 
технологиясы 
педагогтің 
интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалық 
қасиеттерін қалыптастыра отырып, педагогтің жеке тұлғасына тікелей әсер 
етеді.
В.М.Монахов жобалап оқыту технологиясы жобалау және оны жүзеге 
асыру кезеңінде қолданылатын бес түрлі сатыны бөліп көрсетті: мақсат қою 
(кіші мақсаттар жүйесі); диагностика; білім алушының өзіндік жұмысының 
мөлшері; жобаның логикалық құрылымы; түзету [222].
Жобаны орындау әрекеті өзіне әсер ету әдістеріне байланысты. Олар: 

Өзін-өзі сендіру, өзін-өзі иландыру:
өзін-өзі сендіру үшін ең жақсы кез 
ұйықтар немесе оянар алдындағы кез болып табылады. Өзін-өзі сендіру мен 
өзін-өзі иландыру 
міндеті – қалау, жасай алу
әрекеттері арқылы жүзеге 
асырылады; 

Өзін-өзі мақұлдау, өзін мәжбүрлеу, өзіне бұйрық беру.
Мұнда өзіне 
деген, өзі таңдаған әдістердің тиімділігіне сенім маңызды рөлді атқарады. Өзін-
өзі қалыптастыру өз жұмысы, қызметі үшін режимді белгілеу, өзі-өзі реттеу, 


73 
өзін-өзі басқару ретінде қызмет етеді. Бұл қойылған мақсаттың пайдалылығына 
деген сенімді, жігерді талап етеді. Жоба жұмысы барысында фасилитация іс-
әрекеті іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет