65
– Жалпы дидактикалық қағидаттар ғылымилық, жүйелілік, реттілік,
көрнекілік, қолжетімділік, беріктік, оқытудың практикамен байланысы,
болашақ маманның зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы
арқылы дамытуға бағытталған, білімді жүйелілікпен меңгеру және оның
тәжірибелік сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдану қажеттілігін
айқындайды.
– Бірлескен шығармашылық іс-әрекет қағидаты білім алушылардың
әрекетіндегі кәсіби-шығармашылық бастауына, олардың өзін іс-жүзінде ілгеріге
қарай жылжуына бағдарланған екі жақты (педагогтер мен білім алушылар)
міндетті іс-әрекет барысында педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара
әрекеттестігін ойластырады. Бұл әдіснамалық қағидаттардың барлығы да
болашақ маманның зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту арқылы дамытудың
жекелеген компонентерінде жетекшілік қызмет атқарады. Біздің жұмысымыз
болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін
жобалап оқыту арқылы дамытуды зерттеумен байланысты болғандықтан, келесі
кезекте болашақ маман тұлғасының ғылыми-тәжірибелік алғышарттарын
іздестіруді мақсат етеміз.
Достарыңызбен бөлісу: