Мамытбаева жанат абдиманаповна



Pdf көрінісі
бет29/93
Дата03.12.2023
өлшемі10,53 Mb.
#133715
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93
Байланысты:
20.4.2023-0dis

 
 


66 
2 БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ 
ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
АРҚЫЛЫ 
ДАМЫТУДЫҢ 
ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК 
АЛҒЫШАРТТАРЫ 
 
2.1 Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың құрылымы 
мен мазмұны 
Қоғам дамуының қазіргі тенденциялары, әлеуметтік салада және ең 
алдымен білім беруде болып жатқан өзгерістер білім беру қызметтерін 
тұтынушылардың теориялық білімді ғана емес, оларды қолданудың 
практикалық дағдыларын алуға деген ұмтылысына байланысты. Қазіргі кезде 
мемлекеттік білім беру саясаты барлық деңгейдегі білім алушылардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осыған байланысты мектеп 
жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігін дамытуға, оқу іс-әрекетінде 
мотивациялық 
дайындықты 
қалыптастыруға, 
құрдастарымен 
және 
ересектермен нәтижелі өзара әрекеттесуге ықпал ететін жобалық іс-әрекет әдісі 
педагогикалық ортада барған сайын өзекті және танымалдыққа ие болуда. Сол 
себепті, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы арқылы дамытудың өзектілігі зор. 
Зерттеуші А.В.Хуторский «Жобалық оқытудың құндылығы балаларды 
жобалық қызметтің қорытынды өнімін жасауға, практикалық нәтижеге қол 
жеткізуге бағыттайды», – деп санайды [209,с. 14]. Ғалым жобалап оқыту 
технологиясын «төртінші буын технологиясы»,– деп атайды, бұл инновациялық 
сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, білім беру үдерісіне 
қатысушылардың барлығының өзара әрекеттесуінің интерактивті түрін 
болжайды, бұл тұлғаның шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамытуға 
ықпал етеді. 
Жобалап оқыту технологиясы инновациялық дидактиканың қарқынды 
дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Білім алушылардың бірлескен жұмыс 
түрлерін, олардың коммуникативті тәжірибесін, ең алдымен, бірлескен іс-
әрекетте кеңейтуге негізделген жобалап оқыту технологиясының тәсілі 
негізінде кәсіби білім беруді ұйымдастырудың басты қағидаты болмақ. Болашақ 
педагог-тәрбиеші үшін жобалау дағдыларын дамыту қажеттілігі де өзекті, 
өйткені ол оларды мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына балаларда 
қалыптастыруы керек. Білім алушылардың кәсіби-педагогикалық дайындық
үдерісінде жобалап оқыту технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетке 
дайындығын дамыту бұл теориялық және практикалық білімдер жиынтығын 
қажетті сапалық дағдыларға айналдыру. Егер, жобалап оқытуды педагогикалық 
технология ретінде қарастырсақ, онда бұл технология зерттеу, іздеу, 
проблемалық, шығармашылық әдістердің жиынтығын қамтиды өзінің мәні 
бойынша білім алушылардың жобалап оқыту технологиясының зерттеушілік іс-
әрекетте қазіргі білім берудің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 


67 
Білім алушының дербес білім беру үдерісінде қызығушылығын және ондағы 
рефлексивті ұстанымын дағдыларды дамыту өз қызметін нақты практикалық 
талаптар негізінде құру, өзіндік шығармашылық қызмет тәжірибесін алу, 
сондай-ақ, белсенді ізденіске және өзін-өзі жүзеге асыру жолдарын саналы 
түрде таңдауға мүмкіндік туғызу. 
Зерттеушілік 
іс-әрекетті 
жобалап 
оқыту 
технологиясы 
арқылы 
ұйымдастыру педагогтің білім алушылармен белсенді өзара әрекеттесуі, 
қызығушылық танытуы, бірлескен қызметке ынталандыруы, жобаның 
кезеңдерін нақты білуі, білім беру үдерісінде осы әдісті қолдануға қойылатын 
белгілі бір талаптарды сақтауды қажет етеді. Олардың ішінде интеграциялауды 
қажет ететін зерттеу, зерттеушілік іс-әрекетін шығармашылық тұрғыда білімнің 
маңызды міндетінің болу. Болжамды нәтижелердің практикалық, теориялық, 
танымдық маңыздылығы; білім алушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) 
қызметі; жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау (кезеңдік нәтижелерді 
көрсете отырып); әрекеттің белгілі бір реттілігін көздейтін зерттеу әдістерін 
пайдалану (гипотезалар ұсыну, түпкілікті нәтижелерді ресімдеу тәсілдерін 
талқылау, алынған деректерді жинау, жүйелеу және талдау, нәтижелерді 
рәсімдеу, оларды таныстыру, қорытындыларды тұжырымдау, зерттеудің жаңа 
мәселелерін ұсыну).
Мектепке дейінгі білім берудегі зерттеу және жобалап оқыту 
технологиясының маңызды рөлі осы технологияны қолданудың дидактикалық 
мақсаттарын білуді қамтитын кәсіби білімнің жоғары талаптарын анықтайды. 
Бұл мақсаттар жобалап оқыту технологияларын оқу, тәрбиелеу және дамыту 
мүмкіндіктерінен туындайды және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын 
ажырата алуды қажет етеді. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогі «зерттеу», «жоба», «зерттеу 
жобасы» сияқты ұғымдардың айырмашылығы осы әдістердің кезеңдерін 
басшылыққа аллады, сонымен қатар зерттеу түрлерін жоба түрлерін, мектеп 
жасына дейінгі балалармен зерттеу және жобалау қызметін жүзеге асырудың 
мазмұны, формалары, әдістері мен құралдарын білуі керек. Жобалау және 
зерттеу қызметі туралы теориялық білімнен басқа болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогі мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және топтық 
жобаларын, бірлескен жобаларды балалар мен ата-аналардың, ата-аналар мен 
педагогтердің өзара ықпалдастығын ұйымдастыра білу, педагогикалық 
жобаларды әзірлей алу, педагогикалық зерттеу жүргізе білу, оны ғылыми мақала 
түрінде рәсімдеу, ғылыми жарияланымдар мен ғылыми-практикалық 
конференцияға қатысу тәжірибесінің болуы, мектеп жасына дейінгі балалардың 
жетістіктерін бақылау үшін диагностикалық процедураларды жүргізе білуі тиіс. 
Зерттеу және жобалап оқыту технологиясы бұл кәсіби талаптардың өте кең 
саласы және көптеген проблемалық мәселелерді ажырата алу. Сонымен, мектеп 
жасына дейінгі балалардың зерттеулерімен танысу, әдетте зерттеу жобасы 
арқылы басталады. Сондықтан, мектепке дейінгі кезеңге қатысты «жобалық-
зерттеу қызметі» ұғымын жиі естуге болады әдістемелік әдебиеттерде бұл 


68 
ұғымдар әртүрлі талданады. Бірақ, зерттеу барысында негізінен танымдық 
ойлау дамиды, қоршаған әлемге ізденімпаздық көзқарасы тәрбиеленеді, зерттеу 
мінез-құлқы, оқиғаларды модельдеу, болжам жасау, гипотеза жасау және оларды 
тексеру жолын жоспарлау, сұрақтар қою, оларға жауап беру қабілеті 
қалыптасады. Ал, мектепке дейінгі ұйымдарда тікелей мектеп жасына дейінгі 
балалармен қарым-қатынас орнатып, түрлі дағдыларын дамытуға үлес қосатын 
маман, әрине педагог-тәрбиеші. Демек, ЖОО даярланып жатқан болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетттерін жобалап 
оқыту технологиясы арқылы дамыту маңызды болмақ. Себебі, мектепке дейінгі 
ұйымдарда – қазірдің өзінде жұмыс істейтін педагог-тәрбиешілермен 
университет жағдайында – болашақ педагогтерді даярлау тәжірибесі 
трансформациялауды қажет етеді. Мысалы, мектепке дейінгі ұйымдарда 
тәжірибе алмасу, кеңес беру және педагогикалық кеңес сияқты мәселелер 
мектепке дейінгі ұйымдардағы әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады. 
Сол себепті, болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандары мен ЖОО 
оқытушылары үздіксіз байланыста болуы қажет және үнемі тәжірибе алмасу 
алаңы қалыптасу керек. 
Ал, ЖОО да білім алушылардың жобалап оқыту технологиясы қызметін 
жүзеге асырудың негізгі кезеңдері шартты түрде зерттеушілік іс-әрекетті 
дамыту және жобалап оқыту технологиясын жүзеге асыру деп қарастырылады. 
Бірінші кезеңде, білім алушылар өздеріне ұсынылған мәселені жеке 
тағайындайды, гипотеза мен оны шешу жолдарын ұсынады, осы гипотезаны 
тексеру үшін мүмкін болатын ақпарат көздерін талқылап жағдайға ену, 
жобаның міндеттерін талдап, өз жұмыстарын жоспарлайды. Осы кезеңді жүзеге 
асыру барысында пікірталас, миға шабуыл, ғаламтор көздерімен жұмыс және 
әдістер сияқты жұмыс түрлері қолданылады, деректемелерге шолу, жинау және 
деректерді өңдеу, зерттеу және проблемалық әдістер мен т.б. қолдану. 
Екінші кезеңде, білім алушылардың жеке білім беру жобасындағы 
практикалық іс-шараларға тікелей қатысты, өз сценарийлерін жасайды, 
таңдалған позицияны (рөлді) ескере отырып тапсырмаларды бөледі, 
материалдарды жинайды және өңдейді, нәтижелерді түсіндіреді. 
Ғалымдар ЖОО да білім алушыларды жобалап оқыту технологиясы 
негізінде кәсіби дайындау мәселесі бойынша түрлі көзқарастарды ұсынады. 
Мысалы, ғалым И.Д.Чечельдің пікірінше, жобалап оқыту технологиясы 
оқытуды нақты білімді интеграциялауға емес, жаңартылған білімді қолдануға 
және жобалық қызметке белсенді қосылу үшін жаңаларын алуға, білім беру 
ортасында адам қызметінің жаңа тәсілдерін игеруге бағыттайды [185,с. 97]. 
К.Б.Сейтқанова «Жобалап оқыту технологиясының негізгі мақсаты 

пәнаралық байланыстарды нығайту үшін, сондай-ақ педагогикалық үдеріс 
барысында теорияның практикамен тығыз өзара әрекеттесуі үшін әртүрлі оқу 
пәндері бойынша білім алушылардың кәсіби даярлығын біріктіру», – деп 
атайды [220]. 
Жобалық оқыту технологиясының мазмұнын ғалымдар төмендегідей 


69 
топтастырады [75,с. 10]: 
1. Жобалық оқытудың әрбір қатысушысының жеке сенімділігін 
арттыруға, оның өзін-өзі жүзеге асыруына және рефлексиясына ықпал ету. Бұл 
сәттілік жағдайда өмір сүру арқылы (сабаққа немесе сабақтан тыс) сөзбен 
емес, іс жүзінде өзін мағыналы, қажетті, табысты сезіну, әртүрлі проблемалық 
жағдайларды жеңе білу, жобалық тапсырманы орындау барысында өзін, өз 
мүмкіндіктерін, өз үлесін, сондай-ақ жеке өсуін сезіну. 
2. Білім алушылардан нәтиже шығару үшін ұжымдық жұмыстың 
маңыздылығын, 
шығармашылық 
тапсырмаларды 
орындау 
үдерісінде 
ынтымақтастықтың, бірлескен қызметтің рөлін түсінуді дамыту, білім 
алушылардың кәсіби қарым-қатынасты дамытуға шабыттандыру.
3. Зерттеушілік іс-әрекетін дамыту проблемалық жағдайды талдау, 
проблемаларды анықтау, әдебиеттерден қажетті ақпаратты таңдау, практикалық 
жағдайларға бақылау жасау, тіркеу және олардың нәтижелерін талдау, 
гипотезалар құру, оларды тексеру, жалпылау, қорытынды жасау. 
Бұл мақсаттарға жеке тұлғаның әртүрлі аспектілеріне әсер ететін білім 
беру кеңістігін арнайы ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі, оның өзгерудің 
өзі, жеке өсуі, өзінің «Мен-тұжырымдамасын» жүзеге асыру қабілеті («мен 
аламын» – «мен қалаймын» – «маған ұнайды» және т. б.), таным мен әлемді 
зерттеудің интеллектуалды құралдарын (үдерісі, құбылыстар, оқиғалар, 
қасиеттер, заңдар мен заңдылықтар, қатынастар және т. б.) игеру үшін. 
Сонымен, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жобалап оқыту 
технологиясы арқылы зерттеушілік іс-әрекетін дамытудың бірнеше 
ұстанымдарын ажырата алдық: 
– пәндік-мазмұндық салалар бойынша: монопроектілер (бір пәндік сала 
шеңберінде) және пәнаралық; 
– байланыстар сипаты бойынша: ішкі немесе өңірлік (бір елдің шегінде) 
және халықаралық (қатысушылар әртүрлі елдердің өкілдері болуы мүмкін); 
– қатысушылар саны бойынша: жеке және топтық; 
– жобаны орындау ұзақтығы бойынша: шағын жобалар (оқу сабағының 
бөлігі); қысқа мерзімді (бірнеше сабақ); орташа ұзақтығы (аптадан айға дейін); 
ұзақ мерзімді (айдан бірнеше айға дейін); 

жобада білім алушылардың басым қызметі бойынша зерттеу жобалары, 
шығармашылық жобалар, рөлдік, ойын жобалары, таныстыру-бағдарлау 
(ақпараттық жобалар), практикалық - бағдарлау (қолданбалы жобалар).
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін 
жобалап оқыту технологиясы негізінде дамыту мәселесін зерделеуде жобаларды 
топтастыру жіктемесі негіз болды. Ғалымдар жобалық технологияның негізіне 
мынадай шарттарды ұсынады: жобадағы басым қызмет (зерттеу, іздеу, 
шығармашылық, рөлдік, қолданбалы, таныстыру-бағдарлау, т.б.); жобаның 
пәндік-мазмұндық саласы (білімнің бір саласы шеңберінде жүзеге асырылатын 
монопроект және пәнаралық жоба), жобаны үйлестіру сипаты, байланыстар 
сипаты (университет, мектепке дейінгі ұйым); жобаға қатысушылардың саны. 


70 
Жобалық іс-әрекетті жіктеуде келесі позициялар қамтылады жоба түрі 
(жоба жүзеге асырылатын қызметтің негізгі салалары бойынша): техникалық, 
ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, аралас, жоба тобы 
(жобаның құрамы мен құрылымы және оның пәндік саласы бойынша): 
монопроект, мультипроект, мегапроект; жоба ауқымы (жобаның көлемі, 
қатысушылардың саны және қоршаған әлемге әсер ету дәрежесі бойынша): 
шағын, орта немесе ірі жобалар.
С.А.Титов жобалардың келесі түрлерін анықтады: жобаға қатысушылар 
қызметінің сипаты бойынша ақпараттық, тәжірибеге бағдарланған, зерттеу; 
тақырыптық салалар бойынша моно-пәндік, пәнаралық; іске асыру мерзімдері 
бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді [221]. Ғалымдардың 
ойларын қорытындылай келе, жобалау технологиясының мәні мен мазмұны, 
жоба түрлері мен кезеңдері болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогінің 
зерттеушілік іс-әрекетін дамытуда маңызды екенін топшыладық. 
Танымдық даму – мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігін 
қамтиды. Танымдық белсенділікті қолдау үшін балалардың танымдық 
қызығушылығына сүйену керек. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау-зерттеу іс-әрекетінің 
мақсаты–тәрбиеленушілердің шындыққа ғылыми-танымдық, іс жүзінде 
белсенді, 
-
эмоционалды-адамгершілік көзқарасын қалыптастыру. Мақсатқа жетуге 
келесі міндеттер ықпал етеді: 
-
жобалау-зерттеу қызметі арқылы қоршаған әлемді зерттеу қажеттілігін 
тәрбиелеу; 
-
танымдық үдерістердің шығармашылық белсенділігін дамыту; 
-
жаңа инновациялық әдістер мен құралдарды қолдану арқылы зерттеу 
мәселелерін шешуге үйрету. 
Жобалық-зерттеу қызметіндегі жобалардың түрлері 9 – кестеде 
келтірілген. 
Кесте 9 – Жобалық -зерттеу қызметіндегі жобалардың түрлері 
Жобаның атауы 
Жобаның ерекшелігі 
Зерттеу және 
шығармашылық 
Балалар эксперимент жасайды, ал нәтижелер газет, 
драматизация, балалар дизайны түрінде жасалады. 
Шығармашылық 
Нәтижені балалар мерекесі, балалар дизайн шешімдері 
түрінде жобалау. 
Рөлдік ойын 
Балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, қойылған 
мәселелерді 
өз 
бетінше 
шешетін 
шығармашылық 
ойындардың элементтерін пайдаланады. 
Ақпараттық-тәжірибелік-
бағдарланған 
Балалар ақпаратты жинайды және оны әлеуметтік 
мүдделерге (топтың дизайны мен дизайны, витраждар және 
т.б.) назар аудара отырып жүзеге асырады. 
Осылайша, білім беру үдерісінде қолданылатын инновациялар мектепке 


71 
дейінгі білім беру ұйымының шұғыл қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес 
келуі, білім беру үдерісінде барлық қатысушыларын қанағаттандыруы, жетекші 
бағыттар бойынша балалардың дамуының сапалы, тұрақты және жоғары 
көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етуі керек. 
Аталаған жобалардың түрлеріне сәйкес кез келген жасқа тән дамудың 
жалпы міндеттерін қарастырсақ: 
– балалардың денсаулығын және психологиялық амандығын қамтамасыз 
ету, танымдық қабілеттерін дамыту. 
– шығармашылық қиялын дамыту, шығармашылық ойлауын дамыту, 
коммуникативті дағдыларын дамыту. 
Кіші мектеп жасындағыларды дамыту міндеттері: балалардың, мәселелік, 
ойын, жағдаяттарына, енуі, (педагогтің жетекші рөлі); мәселелік жағдаяттарды 
шешу жолдарын іздеуге белсендіру (педагогпен бірлесіп); ізденушілік қызметің 
алғашқы алғышарттарын қалыптастыру (тәжірибелер). 
Ересек мектеп жасындағыларды дамыту міндеттері: ізденушілік қызметтің 
алғашқы алғышарттарын, интеллектуалды бастамаларын қалыптастыру;
ересектердің көмегімен содан соң өз бетімен мәселені шешудің қажетті 
әдістерін анықтау іскерлігін дамыту; міндеттерді шешуде әртүрлі нұсқаларды, 
әдістерді қолдану іскерлігін қалыптастыру; біріккен зерттеушілік әрекет 
үдерісінде сындарлы әңгіме жүргізу, арнайы сөздіктерді қолдану ынтасын 
дамыту. Педагогикалық жобалау дегеніміз – педагогтер мен білім 
алушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын-ала құрастыру. 
Педагогикалық жобалау – педагогтің басқа да негізгі қызметінің бірі. 
Педагогикалық жобалау барысында білім алушылармен қарым-қатынастың 
мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады. Педагогикалық жобалау 
болашақ іс-әрекетті және оның нәтижелерін болжаудан тұрады. Жобаның 
объектісі 
педагогикалық 
үдеріс. 
Педагогикалық 
үдеріс 
барысында 
педагогикалық жағдаят шешімін табуға тиіс. Педагогикалық жағдаят – белгілі 
бір уақытта, кеңістікте болған оқиғаның сипаты, педагогикалық үрдерістің 
құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық жүйені, үдеріс, жағдаятты
жобалау – көпсатылы, қиын іс-әрекет.
Педагогикалық жобалау 3 кезеңнен тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет