Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар. Диссертациялық
жұмыстың мазмұны бойынша жарияланған еңбектердің жалпы саны – 13, оның
ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті
ұсынған ғылыми басылымдарда – 5, халықаралық ғылыми-практикалық
конференциялар жинағында – 1, республикалық ғылыми конференциялар
жинағы мен журналында – 4, Scopus базасына енген журналдарда – 2, оқу құралы
– 1. Зерттеудің негізгі нәтижелері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті, «Жаратылыстану» факультетінің профессор-
оқытушылардың ғылыми әдістемелік семинарында (2016-2020), И.Арабаев
атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті «Математиканы оқыту әдістемесі»
ғылыми-әдістемелік семинарында, «Математика» кафедрасының кеңейтілген
отырысында, сонымен қатар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті Математика, физика және информатика институтында «Мектеп
пен жоғары оқу орындарында физика-математикалық пәндерді оқытудың
дидактикалық-әдістемелік
негіздері»
ғылыми-әдістемелік
семинарында,
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасалды.
Зерттеу базасы: Жасалған әдістеме бойынша математиканы оқыту
Түркістан облысы Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту басқармасына
қарасты Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-
интернаты, Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия, Жұмабек
Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі, М.Әбенова атындағы жалпы орта
мектебінде 5-10 сыныптарында жүргізілді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен және қосымшалардан
тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделді, зерттеудің мақсаты
мен міндеттері, зерттеу көздері, пәні, нысаны, ғылыми болжамы, әдіснамалық
және теориялық негіздері анықталды, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық
және практикалық маңыздылығы, жүргізілген жұмыстың кезеңдері мен әдістері,
қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, сынақтан өткізу мәліметтері мен зерттеу
нәтижелері бойынша жарияланымдар келтірілді.