Әмен асхат жангелдіұЛЫ



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата08.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#135440
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Диссертация Амен А.Ж.а

Теориялық маңыздылығы
зерттеудің жаңалығынан туындайды және 
мыналарды қамтиды: 
- диаспора мен этномәдени жағдайды заманауи зерттеудің теориялық 
деңгейін дамыту; 
- этносаралық қарым-қатынасты зерттеу тәсілін іздеу, 
- диаспоралар мәдениетін одан әрі зерттеудің бастауы болатын этномәдени, 
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды диагностикалау көрсеткіштерін 
анықтау, 
- мультикультурализмнің мәдени тұжырымдамасы қазіргі қазақстандық 
қоғамның мәдени өмірінің табиғатын тереңірек қарастыруға қызмет етеді.
- мәдениетаралық өзара әрекеттесу негізі дүниежүзілік және отандық ғылым 
үшін мультикультурализм проблемасын зерттеу әдістемесінің іргелі буыны 
болып көрінеді.
-зерттеудің 
ережелері 
мен 
тұжырымдары 
Қазақстандағы 
мультикультурализм проблемаларын әрі қарай дамытудың, қоғамда болып 
жатқан процестерді талдаудың әдіснамалық негізі ретінде қолданыла алады. 
- мәдениеттану, мәдениет және рухани өмір әлеуметтануы, әлеуметтік 
мәдениеттану, 
аймақтық 
әлеуметтану, 
этносоциология 
және 
этно-
конфликтология сияқты перспективалы ғылыми бағыттарды дамыту үшін 



мәліметтер алу. 
Диссертациялық зерттеудің практикалық маңызы.
Диаспоралардың 
проблемалары мен даму перспективалары мен диаспоралар мәдениеті туралы 
жұмыста анықталған диссертациялық зерттеу материалдарын мемлекеттік 
органдар, атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы этникалық қатынастар 
саласындағы бағдарламаларды құру және жүзеге асыру үшін қолдана алады. 
Зерттеу барысында алынған материалдарды ғылыми-зерттеу және 
оқытушылық қызметте: мәдениеттану, этнография, әлеуметтік философия
этносоциология, этносаясаттану бойынша арнайы курстар шеңберінде тиімді 
қолдануға болады. 
Осы диссертациялық жұмыс аясында шетелдегі қазақ диаспорасының 
мәдениетін зерттеуге мүмкіндік болмады. Алайда, автор болашақта шетелдегі 
қазақ диаспорасы мәдениеті төңірегінеде зерттеу жұмыстарын жүргізуді 
жоспарлап отыр.
Жариялымдар
. Диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми нәтижелері 
көлемі 6,13 болатын 9 еңбекте көрсетілген, соның ішінде 1 мақала SCOPUS
базасындағы журналда және 3 мақала ҚР БҒМ БҒСБК ұсынылған басылымдарда 
жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет