74
жазушының қарасөзді баяндауының өзара әрекеттесуі, контекстік-ситуативті
түрде бір-бірін толықтыруы, нақтылауы, байытуы заңды.
Көбінесе ақын-жазушылар өз шығармаларына, кейіпкерлеріне еш
қатысы жоқ, алайда ұлт, қоғам, адам өмірінде ерекше маңызды жекелеген ірі,
атақты оқиғалардың таңбасы, ақпары ретінде танылатын басқа мәтіндерді
кіргізеді. Мысалы, Т. Жанұзақов аудармасындағы Ә. Әлімжановтың
«Махамбеттің жебесі» романындағы келтірінді құрылымдардың өздері нақты
вербалды және вербалданған көркем шығарма мен басқа семиотикалық жүйе
мәтіндері екенін байқауға болады. Вербалды келтірінді құрылымдар ретінде
Фатима ханымның аузына салынған «Туған елдің түтіні ащы да болса
жағады» деген өз контексімен байланысын жоғалтқан цитатаны, басқа
функционалды стильге жататын құжаттарды атасақ, вербалданған келтірінді
құрылымдар қатарында негізгі кейіпкердің атақты «Менің атым - Махамбет»
өлеңінің авторлық баяндауда қарасөзбен берілуін, Құрманғазының «Ақсақ
киік», «Адай» күйлерінің мазмұндалуын айту керек.
Прозалық шығармаларда поэзиялық мәтіндердің келтірілуі бірден көзге
түссе, поэзиялық шығармаларда келтірінді мәтіндер әр қалай ресімделеді.
Көлемді поэзиялық туындыларда да, шағын өлеңдерде де келтірінді
құрылымдар кейде тырнақшамен ажыратылса, енді бірде олай көрсетілмейді.
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасына Махамбет өлеңінің 16
жолын, халық әні «Дударайдың» қайырмасын кіргізеді. Ақын графикалық
тұрғыда бұлардың негізгі мәтіннен бөлек, басқа мәтін екенін көрсеткенмен,
олар когеренттік қызмет атқарып тұрғандықтан, поэма семантикасына
жаттығы сезілмейді.
Келтірінді құрылымдар тек көлемді прозалық, поэзиялық шығармаларда
ғана емес, шағын лирикалық өлеңдерде, әңгімелерде де кездеседі. Мұндай
өлеңдерде ол келтірінді құрылымдар белгілі бір символ немесе таңба арқылы
қысқа түрде ғана көрінеді. Мәселен, Т. Айбергеновтің мына жолдарындағы
келтірінді құрылымдар – осындай:
Көп жазар ақын емен шүйде тілді,
Қабыл ал қайырмастан ниетімді.
Жауап жаз
Достарыңызбен бөлісу: