«кейінгі тірліктің икеміне иіле алмай, баяғы кеудемен босқа арандаған адам Құланбай батыр болды. Өзіне қамшы үйірген милицияны өлімші қылып сабап, жауапқа тартылып, одан кейін түрмеден қашты бандыларға қосылып, ақыры өлігі далада қалды. Жарықтық аса жау жүрек адам еді. Атыс-шабыстың ішінде жүріп, құмалақ ашатын, намаз оқитын. Баладай аңқау, аңғал жан өзін әдейі арандатқан жаулардың қармағына ілікті. ...» Т.Әбдіков өзіне таныс романның бүкіл оқиғасын 4-5 сөйлемге
сыйғызып, өз романындағы бас кейіпкер Асқардың болмысын Құланбаймен
салыстыра көрсетіп, олардың мінездемесін қатар береді, яғни Құланбайдың
мінез-құлқын ашып көрсеткен коннотациясы айқын эмоционалды-
экспрессивті лексика арқылы берілген қосүнді сөзде автордың да,
кейіпкердің де позициясы көрінеді және ол оқырман үшін де – семантикалық
тұрғыда елеулі элемент, себебі оқырман Ақан Нұрманов романын, ондағы
басты кейіпкерді еске түсіріп, оның жағымды, жағымсыз жақтарын, іс-
әрекетін саралау арқылы Асқардың да табиғатын таниды.
Ақын Ғ. Жайлыбайдың «Ақ шуақ» ӛлеңіндегі метафоралардың уәжділігі
оқырманды біраз ойлантады:
... Айырмай-ақ
есектен тҥйелерді, Тыңдамай-ақ
халықтық кҥй-ӛлеңді.
Ақиқаттың тізгінін
жылдар бойы
Жәдігӛйлік, жылпостық иеленді.
Ӛлең кеңестік қоғамдағы жылдар бойы қалыптасқан формалды қарым-
қатынасты, адамдар бойындағы селқостықты, бейжайлықты бҧзып, жаңа леп
әкелген сәуір ӛзгерістеріне арналған. Сәуірмен жеткен жақсылықты
айқындап кӛрсету ҥшін социализм тҧсындағы қасаңдықты, жамандықты
есекке теңейді. Дәстҥрлі қолданыс болғандықтан, бҧл заңды да, ал оған
қарама-қарсы халық арасынан шыққан таңдаулы адамдарды тҥйеге теңеу
қазақ тілінде сӛйлеушілер ҥшін тҥсініксіз, уәжсіз. Әрине, халық тілінде тҥйе
сӛзінің парадигматикасына кіретін