Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №
4
(80), 2022
230
Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін
тиісті
психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және
дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен
бірге табысты білім алуда.
Осы орайда, кейбір топтардың қоғамнан сырт қалып жатқандығын, әрбір
қоғамдық топтардың өзіндік ерекшеліктерінің бар екендігін, қажеттіліктері де әртүрлі екендігі
байқалды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
инклюзивті білім беру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Қазақстан
Республикасы заңнамасында балалардың құқығын қорғау құжаттарының негіздемесі болып «тең
құқылы білім» қағидасы бекітілген [6].
Инклюзивті білім беру - бұл барлық балаларды олардың денсаулық жағдайына, этникалық немесе
әлеуметтік шығу тегіне, тілі мен жеке ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру үдерісіне қосуға
бағытталған, тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді және оның негізгі сегіз принципі бар және оған:
-
дамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
-
әркімнің сөйлесуге және оны тыңдауға құқығы бар;
-
әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті;
-
барлық адам
бір-біріне мұқтаж;
-
жан-жақтылық адам өмірінің аясын кеңейтеді;
-
барлық оқушы үшін жетістікке жету – оның орындай алатын әрекеті;
-
білім шынайы қарым-қатынастар аясында ғана жүзеге асуы тиіс;
-
барлық адам өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Елімізде ерекше білімді қажет ететін оқушылардың мектептегі күнделікті сабақтары мемлекеттік
білім стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Инклюзивті білім берудің құндылықтары мен принциптерін
сақтай отырып, ерекше балаларды қалыпты
балалармен тең дәрежеде, инклюзивті сыныпта
информатика пәнін жобаға бағыттап оқытудың әдістемелік жүйесінің компоненттерін толығырақ
қарастырайық. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және жалпы білім
беретін мекемелерді бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету, қазіргі таңда ерекше білімді қажет
ететін оқушыларды оқу процесіне біріктіруде аса зор мүмкіндік береді. Білім беруді қамтамасыз ететін
оқу процесін ұйымдастыру білім алушылар контингентінің ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын
дайындау, сабақтар өткізу,
білімді бақылау, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді
ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Бұл ретте ақпараттық технологиялардың, цифрлық сауаттылықтың
маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Ерекше білім қажеттілігі бар оқушылар оқытудың әртүрлі әдістерін көздейтін бейімделген және
ішінара түрлендірілген оқу бағдарламасы бойынша оқутылуы тиіс. Кез-келген технологияны
кіріктірудің алдында педагогикалық тұрғыда дамыған тұлғаның қалыптасуына негіз болатын білім
беру ортасын үлгілеу үдерісі жүреді. Инклюзивті білім беруде ерекше білімді қажет ететін оқушыларға
ақпараттық білім беру ортасының қолжетімділігін қамтамасыз ету –
білім алушы мен педагогтың
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен өзара әрекеттесуі үшін қолайлы
жағдайлардың жасалуы. Өз кезегінде, білім беру үдерісінің мақсатты оқыту бағдарламасы мен әдістері,
тәлімгерлер және ақпараттық құралдар тәрізді өзара байланысты элементтер тән.
Ерекше білімге қажеттілігі бар оқушыларды оқытудағы құралдары:
-
оқытушы оқу материалын игеру мен меңгерудің тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін
информатиканы сандық технологиялардың көмегімен оқытудың тиісті көрнекі және техникалық
құралдарының болуын қамтамасыз етуі тиіс;
-
тапсырмаларды орындау жылдамдығына қойылатын
талаптарға балама ұсыну;
-
жауап беру немесе пәрмендердің орындалуын таңдау үшін баламаларды ұсыну (мысалы,
пернетақтаны басқарудың баламалары);
-
қолмен, дауыспен, қосқышпен, джойстикпен, пернетақтамен немесе бейімделген пернетақтамен
физикалық өзара әрекеттесудің баламаларын беру.
Білім алушыларды цифрлық ресурстармен, оқу құралдармен қамтамасыз ету көбінесе жеткіліксіз.
Бұл құралды тиімді пайдалану үшін қолдау көрсету қажет. Көптеген оқушыларға оқу ортасында
бағыттау бойынша көмек (физикалық кеңістік тұрғысынан да, оқу бағдарламасы бойынша да) қажет
және барлық білім алушыларға сабаққа толық қатысу мақсатына жетуге көмектесетін құралдарды
қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Көру қабілеті бұзылған
білім алушыларға мәтіндік
құжаттарды дайындау кезінде адамның қарым-қатынасының ауызша мүмкіндіктеріне жақын тірі әдеби