Екіншіден , халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, тҥпкі бастамасы,
принциптері қаланады.
Мемлекеттің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны кӛптеген себептерге
байланысты. Олардың ішіндегі ең маңыздысы- мемлекеттің кҥшінің арақатынасы, арасалмағы.
Кӛптеген жылдар бойы мемлекеттің кҥші оның әскери қуатында деп саналды. Сонымен бірге,
қазіргі таңда мемлекеттің кҥші кӛптеген кӛрсеткіштермен бағаланады. Оған мемлекеттің жер
кӛлемі, адам саны, табиғи байлығы, ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылық ӛндірісінің мӛлшері
мен сапасы, мемлекет қҧрылысының сипаты, әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық, рухани,
мәдени даму дәрежесі және т.б. кіреді.
Халықаралық саясатта әр тҥрлі теориялар мен тҧжырымдар қалыптасқан. Мәселен,
идеализм, саяси реализм, модернизм, жаһандану, неомарксизм теориялары.
Идеализмнің идеалық тамыры Э. Канттың философиясында, ол адамзат бейбіт ӛзара
әрекеттесуге жетеді деп санады. Кант адамның
моралдық жетілуі әлемдік қауымдастықтың моралдық саяси тұтастығы сезімін тудырады деп санады.
Идеализм теориясының жақтастары мемлекеттер арасындағы әлемдік соғыстар мен әскери қақтығыстарды құқықтық реттеу мен халықаралық қатынастарды демократияландыру, адамгершілік пен әділеттілік нормалар, халықаралық ұйымдардың рөлі мен халықаралық әріптестікті күшейту арқылы тоқтату қажет және мүмкін деп санады . Бҧл мақсатқа ерікті қарусыздану мен
соғыстан бастартуға негізделген ҧжымдық қауіпсіздік жҥйесін қҧру арқылы жетуге болады деп
санады. Идеализм бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейінгі АҚШ президенті
Вудро Вильсонның Ҧлттар Лигасын қҧру бағдарламасында бейнеленді. Идеализм идеясы ҧзақ уақыт бойы ҥмітсіз
болды, ақиқат ӛмірден алыста болды. Оның дәлелі ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Еуропадағы
оқиғалар болды, фашизмнің саясаты, Ҧлттар Лигасының қҧлауы мен ІІ д.ж.соғыс.
Бҧл халықаралық қатынастар теориясында жаңа ағым
реализмнің пайда болуына алып
келді. Бҧл бағыт жақтастары «кҥш», «кҥштер теңдігі», «шиеленіс» деген ҧғымдарды ендірді.
Реализмнің идеалық қайнар кӛзі ХVII ғ. ағылшын философы Т.Гоббстың
саясаттың мәні жауласушы қоршаған ортада қауіпсіздік үшін күрес деген пікірі болды.
Реализм ІІ ші д.ж. соғыс біткен соң АҚШ тың халықаралық саясатының жетекші теориясы
болды және европалық кейбір елдерге де тарады. Бҧл теорияның классиктері