267
әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
ой-пікірдің
дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды
мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
әңгіменің жүйелілігі және әсерлілігі;
тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
ғылыми фактілер мен мұғалімнің оқиғаларға берген бағасының болуы.
Әңгімелесу
– оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият
ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын
меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін
тексереді.
Әңгімелесу – дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде
қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық
қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері
бар. Олар: кіріспе немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді
қалыптастыру (сократтық, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және
бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді
тануға
дайындық
деңгейі
анықталады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесушіге)
немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі –
оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге
болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып,
мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда
сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: