Көрнекілік әдісі. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде
қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация
және демонстрация. Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық
құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер,
үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы
немесе
техникалық
құралдардан,
кинофильмдерден,
диафильмдерден
көрсетіледі. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық
жұмыстар. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-
еңбек деп бөлінеді.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин бойынша оқушылардың таным-белсенділігі
деңгейіне қарай топтастырылған
әдістер :
1) Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс . Бұл әдіс арқылы оқушылар
ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық қабылдау әдісі деп атайды.
Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен
түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.
2) Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және
дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді,
үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Репродуктивтік әдіс
мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік,
көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал
оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады.
3) Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін
қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным
әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін
269
жинақтайды. Зерттеу жұмыстары сабақта, үйде орындалып, бір аптада, бір айда
орындалатын тапсырмалар жоспарланады.