270
Әдістер алуан түрлі және шексіз болып келеді. Ал оқушылардың оқу-
танымдық белсенділігін қалыптастыруда әдісті таңдап алу қиындығы
байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа төмендегілерді
алуы қажет:
-
оқушылардың өздігінен білімді игеру мен оқу-практикалық даярлығын
қалыптастыруға бағыттау;
-
оқушының
жеке тұлғасын, шығармашылығын дамытатын оқу-
танымдық, зертеушілік, іздемпаздық іс-әрекетке бағыттау;
-
оқушының жеке дара психологиялық даму ерекшелігін ескеру;
-
оқушы дамуының табиғи және әлеуметтік ортасын ескеру;
-
мектептің арнайы оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу
деңгейі;
-
мұғалімнің жеке басының кәсіби даярлық деңгейі, өмірлік іс-тәжірибесі
мен педагогикалық шеберлігі.
А-қосымшада сабақта оқыту әдістерінің кешенін таңдау негіздерінің
сипаттамасы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: