65
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі.
Өздігінен білім алу
–
қазіргі заман жағдайында мұғалімнің кәсіби іс-
әрекетінің нормасы және түрі. Мұғалімнің өздігінен білім алу құзыреттілігі
- оның өздігінен білім алу іс-әрекетінің нәтижесі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Мұғалім өзінің
педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы
ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті» – делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және
жан жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің,
білік, дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс
мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
35-суретте мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін мотивтер
берілді.
Сурет-35
.
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін
мотивтер
Кәсіби белсенділік
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде,
туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешу іскерлігінде, ата-аналармен,
оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзін-өзі дамытумен өзінің іс-
әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отырумен сипатталады.
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған
тапсырмалар
1. Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні.
2.Педагогикалық
қарым-қатынас
стильдері.
Әртүрлі
жастағы
оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері.
3.Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру, оның кұралдары,
формалары, әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: