74
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті
азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді
адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа
болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).
Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер
азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре
білуге, өзін қоршаған орта мен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса
тәрбие процесі деп – қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке
тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін
жүйелі
түрде
қалыптастырып,
дамытудағы
тәрбиешілер
мен
тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз. Тәрбиенің қоғамдағы
атқаратын қызметіне орай
өзіндік ерекшеліктері
бар.
Достарыңызбен бөлісу: