68
Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай,
Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым және т.б.
Екінші кезең
– шығыс Ренессанс дәуірі деп аталып кеткен
шығыс
мәдениетінің қалыптасу кезеңімен
байланысады. Себебі еуропалық қайта
өрлеуге дейін араб мұсылмандары түбегейлі зерттеп, өзіндік гуманистік әлемдік
көзқарасын қалыптастырды. Қазақ халқының педагогикалық көзқарастарының
қалыптасуына әбу Насыр әл-Фарабидің, әбу Әли Хусейн ибн Абдулах Синаның,
әбу Рейхан Мұхаммед әл-Бирунидің,
әбу Хамид әл-Газалидің, Насыреддин
Тусидің және т.б. тәрбие және білім беру жайлы еңбектері зор ықпал етті.
Алайда ғалым-энциклопедистердің тәрбие және білім жайлы құнды
педагогикалық ойлары біртұтас жүйеге келтірілмеген еді.
Достарыңызбен бөлісу: