Сурет-37. Педагогиканың мақсат-міндеттері Сонымен қатар педагогиканың атқаратын қызметтерін ғалымдар теориялық
және технологиялық (практикалық) деп екіге бөледі.
Теориялық қызметтерге жататындар:
- түсіндіру : озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірибені зерттеу;
- болжамдау: педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде
эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық
болмыстың жаңаланған моделін құрастыру;
- анықтау: педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс -
әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші
шарттар мен себептерді айқындап алу.
Педагогиканың технологиялық қызметтері: - жобалау : педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі сипатын
қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен
анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары,
бағдарлама, оқулықтар, оқу құралдары) жасауға байланысты;
- жаңалау : тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу
мақсатына орай педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін мектеп өміріне
енгізу, пайдалану;
П Е Д А Г О К А Зерттеу нысаны: тәрбие мен білім беру
Зерттеу пәні: педагогикалық процесс
Мақсаты: арнайы мақсатты, бағдарлы ұйымдастырылған
оқыту мен тәрбие процесін жүзеге асыру
Міндеттері: тәрбиелік, оқыту, білім беру, дамыту
қызметтерін атқару