Сурет- 1. Білім беру ұғымының мәні (Б.С.Гершунский бойынша) Білімге деген жаңа көзқарас тұрғысынан оның сапасы да жаңаша
пайымдалуда. Бұл, негізінен, білімнің 4 сипатын біртұтас қарастыра отырып,
оның ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі
қырларына аса мән берумен байланысты.
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады:
1) Білім беру – мемлекетік құндылық;
2) Білім беру – қоғамдық құндылық;
3) Білім беру – жеке тұлғалық құндылық.
Білім беру жүйе ретінде .
Білім беру дегеніміз – деңгей, кәсіптік
бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және
мемлекеттік емес) жүйесі.
Бірақ, білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп
тануға негіз бола алмайды. Себебі, жүйе дегеніміз кез келген объектілердің
жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан
жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Білім беру
жүйесі икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге
бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін берік
ұстануы маңызды.
Білім беру –
процесс және іс-әрекет ретінде . Білім берудің мәні –
мақсаттан нәтижеге қарай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын
тілінен аударғанда
(processus - қозғалу, жылжу) – бір нәрсенің дамуындағы
құбылыс, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын нәтижеге қол
жеткізудегі іс-қимылдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Білім беру –
педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас процесі .
Бұл процесс барысында оқушы оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты
белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады.
Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың
өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Білім беру процесі үнемі мақсатқа
бағытталған және күтілетін нәтижелерге байланысты.