Кесте 1 –
Ғалымдардың «білім беру» ұғымына берген анықтамалары Ғалымның аты- жөні Анықтама А.Г.Асмолов
Кең мағынадағы білім беру
–
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға
және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін
кеңейтуге бағытталған процесс
В.А.Сластенин Білім беру
– адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына
бағытталған тәрбиелеу және оқыту процесі
ЮНЕСКО,
1997 ж.
Білім беру – жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі
қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру
процесі және нәтижесі
Педагогикалық
энциклопедия
Білім беру
– жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін
педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру
процесі
Ж.Б Қоянбаев.,
Р.М Қоянбаев
Білім беру – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған
білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді
етіп қолдана білуі
С.Қ. Мұхамбетова
Білім беру – оқушылардың жалпыланған қоғамдық-тарихи
тәжірибені игеру және меңгеру процесі мен нәтижесі
Абай ҰПУ
ұжымы. Педагогика
Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен
дағдыларды меңгерудегі шығармашылық қабілеті, дүниетанымы
мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы
белсенді
оқу-танымдық
іс-әрекетін
ұйымдастыру
мен
ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру
саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті.
Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты
қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі маманы
Б.С.Гершунский білім беру
ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап
көрсетеді (1-сурет).