4
I БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
1.1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің
әлеуметтік мәні. «Білім берудің» үш түрлі мағынасы. Білім беру құндылық
ретінде. Білім беру үдеріс және нәтиже ретінде. Білім беру жүйе ретінде.
Білім беру
–
адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің
мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын
болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-
машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және
кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу
болып табылады.
ЮНЕСКО XXI ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі
білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөледі:
бірлікте өмір сүруге үйрену; білімді меңгеру; еңбек етуге үйрену; өмір сүруге
үйрену.
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім
ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар
негізінде ұйымдастырылады. Егер ХХ ғасырда білім беруді ұйымдастыру
«
Достарыңызбен бөлісу: