Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет8/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
 
Б 
І 
Л 
І 
М 
 
Б 
Е 
Р 
У 
Құндылық
 
Жүйе
 
Процесс
 
Нәтиже
 



Қазіргі білім беру парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға 
бағдарлануы. Білім беру 

 XXI ғасырдағы стратегиялық басымдылық.
Қоғамның дамуына байланысты, білім беру саласындағы педагогикалық 
парадигманы жаңа бағытта қарауды қажет етеді. 
Парадигма ұғымын ғылымға оңшыл бағыт ұстанушы Бергман енгізген, ал 
оны ары қарай терең зерттеген американдық физик, философ Т.Кун болды. 
Т.Кун: «Парадигма – қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми 
зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың) жиынтығы» 
– деп атап көрсетті. 
Парадигма – ғылымның негізгі өлшем бірлігі, нақты ғылыми зерттеулерді 
анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық 
және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы.
Педагогикалық парадигма – бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі 
стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде 
қарастырылатындар: оқушы – педагогикалық қарым-қатынас объектісі; мұғалім 
– басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық 
қарым-қатынас барысындағы тұлғаның ішкі жан дүниесі, әлеуеті және т.с.с. 
Білім беру парадигмасын анықтайтын факторлар: 
-
адамзаттың белгілі тарихи кезеңге қажетті анықталатын білім мен 
біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас;
-
өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну;
-
ақпаратты кодтау және тарату принциптері;
-
адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау;
-
білім беру процесінде білім мен мәдениеттің тасымалданушысы ретінде 
педагогтың орны мен рөлін түсіну;
-
тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы баланың орны мен рөлін 
анықтау және т.б. 
Ш.А.Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Ал ғалым 
Е.А.Ямбург парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық 
(эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады. 
Барлық инновациялар, инновациялық педагогикалық парадигмалар білім 
беру мазмұнын жетілдіруге бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет