«Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару»
педагог қызметкерлер
мен шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсының екі бетпе
-
бет
кезеңінде білім алдым. Бағдарламаның мақсаты: шағын жинақты мектеп басшыларының
педагогикалық және басқару шеберлігін жетілдіру, білім беру салалары мен деңгейлері
бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесін енгізу
мәнмәтінінде оларға
әдістемелік қолдау көрсету болып табылады. Мен осы курсты оқи
отырып, тренерімнен ұстаздарға
өзгермелі
қоғамда өмір
сүруге бейім, жаһандық
көзқарасы, XXI ғасырда талап етілетін дағдылары қалыптасқан тұлға ретінде оқыту мен
тәрбиелеу міндеті қойылып отырғаны туралы ұғындым. Сондықтан да, осыған сай
мектепті түбегейлі өзгеріске ұшырату біздің қолымызда екенін түсіндім.
Сабақты зерттеу (Lesson study) тәсілі
-
мұғалімнің кәсіби білімін үздіксіз жетілдірудің
тиімді әдістерінің бірі. Lesson study Жапонияда 19
-
ғасырда
жаңа жалпы білім беретін
жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде
пайда болды. Тәсілдің негізі Батыста қолданылатын «Іс
-
әрекеттегі зерттеу»
тәсілдемесінен 140 жыл бұрын XIX ғасырдың 70
-
Жапонияда құрылған. Lesson Study
аясында өзінің қорытындыларын құжаттап, оқытумен оқуды жоспарлауды, оқытуды,
талдауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады (Дадли, 2011). Зерттеу
сабағы
шынайы сыныптағы сабақ; қатысушы мұғалімдер оқушылардың ойлау, оқу
әрекеттерін, мінез
-
құлқын зерделейді. Сонымен қатар, мұғалімдердің үздіксіз білім
алып, үздіксіз өз тәжірибелерін жетілдірудің бірден
-
бір жолы. Сабақты зерттеу үдерісі
үш
кезеңнен: жоспарлау кезеңі,
зерттеу сабағы, сабақтан кейінгі шаралардан тұрады.
Бірінші кезеңнің мұғалім үшін тиімділігі: топ құру арқылы ынтымақтастықта жұмыс
жасай білу, бірлесе жоспарлай алу, мінсіз
сабақ жоспарын құруды үйренеді. Осы кезеңде
пән бойынша ұзақ мерзімді оқу мақсаттарын, оқушылардың академиялық, әлеуметтік
дамуын талқылау арқылы пәндік білімдерін дамытады.
Екінші кезеңде мұғалімдердің оқушыларды бақылау дағдылары артады. Үшінші кезең
сабақты талдау мен білімді жинақтаудан тұрады.
Сондықтан, сабақты зерттеу
мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының қуатты құралы.
Бірінші бетпе
-
беттен мектеп тәжірибесінен өтуге келген кезден бастап, мектеп
басшысының қолдауымен сабақты зерттеу үдерісін
бастап кеттім. Ол үшін ең алдымен
мектеп мұғалімдерін жинап «Lesson study» тәсілінің ұғымы,
өткізу кезеңдері туралы
тізбектелген коучингтер өткізіп алдым.
Достарыңызбен бөлісу: