Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет11/87
Дата11.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#137455
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87
Байланысты:
podgorka

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Инклюзивті білім беру мәселелерімен айналысқан ғалымдар 
кімдер? 
2. Интеграция модельдерін атаңыз.
3.
Инклюзивті білім берудің интеграциялық білім беруден 
айырмашылығы қандай? 
 
 
2.3. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің қалыптасу 
және даму тарихы
Мазмұны 
1. Арнайы білім беру жүйесінің даму сатылары.
2. Эволюцияның бірінші кезеңі.
3. Эволюцияның екінші кезеңі.
 
Мақсаты:
Арнайы білім беру жүйесінің даму кезеңдерін 
талдау.
Мүмкіндігі 
шектеулі 
балаларды 
оқытудың 
педагогикалық жүйелерінің даму тарихы мемлекеттік 
әлеуметтік-экономикалық 
құрылысымен 
тікелей 
байланысты. Арнайы білім берудің әрбір сатысы 
мемлекеттің және қоғамның дамуының нақты кезеңімен, 
оның дамуында ауытқушылықтары бар тұлғаларға 
қатынасына сәйкес келеді. Арнайы білім беру тарихы үлкен 
уақыт аралығын қамтиды, оның барысында мемлекеттің 
және қоғамның денелік және психикалық ауытқушылықтары 
бар адамдарға қатынасы дамып өзгерді.
Арнайы педагогиканың қалыптасу сатылары: 


25
1.
Мүгедек баланың өмір сүруге құқылы болуы (б.з.д. 
VII ғ..- XIII ғ.) 
Антикалық қоғамда мұндай адамдардарды азамат деп 
те есептемеген. Оларға антикалық мемлекеттің еркін 
азаматтарының әлеміне жол жабық болды.
Ортағасырлық заңда дамуы бұзылған тұлғалардың 
құқықтарының жоқ екендігін бекітілген. Мұндай адамдарға 
қайырымдылық танытқандардың алғашқылары хоспистар 
мен приюттар ұйымдастырған шіркеу қызметкерлері болды. 
Алайда ХІІ ғ. Еуропада алғаш рет шіркеулік емес приюттар, 
ауруханалар, зағип жауынгерлерге арналған арнайы 
мекемелер, лепрозориилер ашылды. Сөйтіп, дамуында 
бұзылысы бар және емдеуді қажет ететін тұлғаларды жек 
көру жүйесі мемлекеттік қызмет аясына енді.
2.Мүгедек баланың құқық алуы (XIII- XVIII ғғ..) 
Ресейде ауытқушылықтары бар адамдарға арнайы 
көмек Х ғасырда христиандыққа ауысудан басталды және 
ХҮІІІ ғ. І Петрдың айқын ауытқушылығы бар балаларды 
өлтіруге тыйым салатын бұйрығына сәйкес аяқталды, 
барлық аймақтарда көмек көрсететін приюттер мен 
госпитальдер ашыла бастады.
Ресейдегі арнайы оқу орнын 1806 ж. 14 қыркүйекта 
Павловск қаласында императрица Мария Федоровнаның 
бұйрығымен француз тифлопедагогы В.Гаюи ашқан 
болатын, бір жылдан соң 1807ж. Александрдың 
бұйрығымен зағип балаларға арналған алғашқы мектеп 
ашылды.
3. Зағип, соқыр және ақыл-ой дамуы артта қалған 
балаларды арнайы оқыту құқығы берілді (XVIII- XX ғғ.б.). 
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғ. басында ақыл-ой және 
денелік кемшіліктері бар тұлғаларға қатынас өзгерді, оқыту 
мүмкіндігі ғана емес, есту, көру, зият бұзылыстары бар 
балалардың білім алуға құқығы мойындала бастады. Егер 
XIX ғ. басында Еуропада және Ресейде алғашқы арнайы оқу 
мекемелері ашылса, ХХ ғ. басында Еуропада міндетті 
бастауыш білім туралы заңды актілер қабылданды. 
Ресейде, Еуропа елдеріндегідей, дамуында ауытқушылығы 
бар 
балаларға 
үш 
бағыттағы 
көмек 
дамыды: 
қайырымдылық (приюттер, үйлер), емдік-педагогикалық 


26
(ауруханада арнайы бөлімдер, мектеп-санаторий) және 
педагогикалық (мектеп, балабақша). Арнайы білім беру 
жүйелерін рәсімдеу 1920 ж. аяғында жұзеге асты, онда 
мемлекет алғаш рет құжаттарда арнайы білім берудің 
мақсаттарын айқындады.
4. Ауытқушылығы бар балалардың басым көпшілігінің 
мемлекеттің кепілдігімен арнайы оқытуға құқықтары (ХХғ. 
басы- ХХғ. 70 жж.)
1948 ж. БҰҰ қабылдаған адам құқықтарының 
жалпыұлттық декларациясы жаңа көзқарасты бекітті. 
Экономикалық өрлеу кезінде 1950-1970 жж. Батыс 
Еуропада арнайы мектептерге көп көңіл бөлді: дамуында 
ауытқышылығы бар балаларды анықтау, есепке алу және 
даигностика механизмдері жетілдірілді; арнайы оқуды қажет 
ететін балалардың жіктелуі өзгерді және нақтыланды, 
арнайы мектептердің типтеріның саны артты; мектепке 
дейінгі және мектептен кейінгі мекемелерді ашу арқылы 
арнайы көмек көрсетудің жас ерекшелік шектеулері кеңейді; 
рнайы білім берудің заңды негіздері жетілдірілді.
5. Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балалардың арнайы және интеграциялық оқуға мүмкіндік 
береді (XXғ 70 ж.- қазіргі уақытқа дейін). 
1970 ж.аяғынан бастап 1980 жж. басында бұқаралық 
мектептерде психикалық дамуы баяу балалар үшін арнайы 
мектептер ашылды, мектепке дейінгі және мектептен кейінгі 
мекемелер ашылды, жоғары оқу орнында және 
техникумдарда есту қабілеті бұзылған тұлғалар үшін 
арнайы топтар ашылды. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың 
нормативті- құқықтық құжаттар: «ақыл-ойы артта қалған 
тұлғалардың құқықтары туралы», «Мүгедек құқықтары 
туралы», ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру 
саласында принциптер, саясат және практикалық 
қызметтері туралы декларация туралы (1994ж.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет