нысты Абайдың әлеуметтік көзқарасында бірталай
әлсіздіктер;
қайшылықтар болғандықтан, бұл жай, әсі-
ресе «Қарасөздерінде» көбірек кездесетінін атап айтқан
жөн. Мысалы, тәлім-тәрбие жөніндегі кейбір пікірле-
рінде ағартушы дінге, құдайға жүгінеді.
Абай діннің таптық мәнін, гносеологиялық негізде-
рін түсіне алған жоқ. Сондықтан да ол діннің түп та-
мырын жоққа шығаратын жүйелі философиялық мате
риализм
дәрежесіне, діннің халықтың басын айналды-
ратын рухани у екендігін біліп, дінмен ашық күресетін
атеизм дарежесіне көтеріле алмады.
Біз Абай мен Сократ арасындағы байланыс, каты-
нас жөнінде біраз сөз еттік. Бұдан Абай Сократтын, жал-
ғасы деген ой тумауы керек. Бұл жердегі қатынас —
алмасты тек алмас
қана өңДей алатыңдығы сияқты, бір
кемеңгердің екінші кемеңгермен ой алмастыруы, ой жа-
рыстыруы арқылы жаңа пікірлер тудыруында болып
отыр.
Абайдың философиялық көзқарастарын сөз еткен
кезде, дәл философиялық категориялар төңірегінде тал-
дау жасап: «сана» мен «материяның», «рух» пен «таби-
ғаттың», «ойлау» мен «болмыстың» ара қатынасын на
лай шешті, қалай түсінді, «материалист пе» әлде «идеа
лист пе», (бұл онтологиялық мәселе)
немесе таным
теориясында ойлау мен сезімнің арасын қалай түсінді,
«рационалист пе» әлде «сексуалист пе» деген кесімді
сұрақ қойып, оған кесімді жауап талап ету қажет бола
қояр ма екен?
Абайдың сырлы да қырлы, терең мұрасынан аталған
философиялық категориялардың алуан түрлі көріністе-
рі
мен элементтерін табуға болады, яғни Абайдың дү-
ниеге көзқарасы бұл сауалдарға тікелей жауап бермей-
ді, ол таза гносеологиямен шұғылданған жоқ.
Абайдағы философиялық көзқарастың негізгі түйін,
арнасы моральдық проблемалар төңірегінде шешімін із-
деп, дамиды. Ол өз кезеңіндегі қоғам мініне наразылық
білдіріп, сынап, заманын адамгершілік идеясын уағыз-
даумен түзетпек болады. Шынында да,
онтология мен
гносеология жалпы болмыстың философиясы болса,.
этика ежелден күнделік өмірдіц философиясы болып
саналып келеді. Этика дүниеде, коғамда қалай дұрыс
өмір сүрудің жолдарын көрсететін, өмірдін, мәні неде,
қайткенде
адам бақытты бола алады, басқа адамдармен
қатынастьг қалай жасау керек, «ар-ұят», «намыс», «бо-
97
рыш», «міндет», «жақсылық», «жамандық» деген не?
Міне, осы сұрақтарға жауап беретін философия ғылы-
мының бір саласы.
Этиканың өзінде де әр түрлі сала, бағыт бар. Олар-
дың негізгілері: рационализм, томизм,
гедонизм, эвде
монизм, утилитаризм, ақыл-парасат эгоизмі және т. б.
Абайдың да өзіндік этикалық принципі, этикалық нор-
малары бар. Абайдың этика саласындағы негізгі ұстан-
ған принципі —«Адамды Адам ету». Абайша әрбір сөй-
лей білетін, ойлай білетін
тірі жанның барлығы Адам
емес. Сондықтан да Абай байды да, кедейді де, еркекті
де, әйелді де Адам қатарына қоспақшы болады. Мы-
салы:
Достарыңызбен бөлісу: