136
Әйтеуір
сөйлей алады екенмін деп, тасыраңдамай,
абайлап
сөйлеу
-
ақылдылық, инабаттылық белгісі. Өзің опық жеп, өкініп
жүрмеу үшін, өзгенің жанына жазықсыздан жара түсірмеу үшін,
байқап, бағымдап сөйлеудің мәні ерекше зор. Қазақтардың:
«Айтылған сөз
-
атылған оқ», орыстардың: «Сөз шымшық құс
емес, ұшса, қайтып қонатын»
деген мақалдары мен ежелгі скиф
елінің шешені Анахарсистің: «Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып
ұста
»,-
дегендерінің түп төркіні бір жерден шығып жатуы тілге
абай болудың жүрдім
-
бардым қарайтын мәселе емес екенін
көрсетеді. Әйгілі авар ақыны Р.Ғамзатовтың:
«Сөйлеуге үйрену
үшін, адамға екі жыл керек, ал тіліне ие болуға 60 жыл керек»,
-
дейтін әзілінде үлкен өмір шындығы, терең мән бар. «Тілімнен
жаздым»,
-
деп кейіп, жүрмес үшін, алдын
-
ала
ойланып алуды
әдетке
айналдыру жақсы қасиет саналады.
Бұл өзі
-
ғылымда
да дәлелденген шындық. Атақты академик
ғалым
И.П.Павлов адамдардың дансаулығын сақтауда, әсіресе
жүрек
-
қан тамырларының сырқатына шалдықпауда айналадағы
адамдар сөзінің әсері зор екенін анықтаған. Сондықтан
шәкірттерге айналасындағы адамдар «ей», «сен» деп, дөрекі тіл
қатпай, «сіз» деп, сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана
емес, қарым
-
қатынасқа
жұмсақтық, жайдарлық дарытатын күш
екенін ұғындырып отырған жөн. Жылы шырай
–
тек
сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда, сөйлескенде де
керек нәрсе
.
Сөйлеуге «ғафу етіңіз», «құлағым сізде», «ләббай» деген
сияқты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды
жайландырып отыратыны есте болуға тиіс.
Ондай жұмсақ,
жайдарлы жүзділік
-
сәлем беру, тіл қату, сөйлесуде қандай қажет
болса, тыңдау үшін де сондай қажет сипат. Халықтың аса жоғары
бағалап, «иман жүзді» дейтіні де содан шығады. «Жүзінде күлкі
шырайы жоқ адам дүкен ұстауға тиіс емес»,
-
деп, тектен
-
текке
айтылмаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: