«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет64/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

мылжың, мыжғау 
деп аталады. Мылжыңдарды жұрт 
жақтырмайды, сырын
білетіндер олардан сырт айналып
қашқаптап
жүреді. Сөйлеудің бір
-
біріне кереғар екі түрі жайында 
академик
-
жазушы З.Қабдолов:
 
«Көп біліп,дөп сөйлеген-шешен, аз 
біліп,көп сөйлеген-мылжың»
,- 
[5,34] деп әдемі түйіндеген.
Сөйлеуге қатысты әдептіліктің тағы бір
түрі
-
орынды, әділ 
сөзге тоқтау.
 
Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана да шешен 


140 
халқымыздың ата салтында жүйелі уәжге тоқтамаудан өткен 
пәтуасыздық жоқ. Мысалы, 
«Аталы сөзге ақымақ 
тоқтамайды»
,-
деп халық өте орында айтқан. Бүкіл әлемдік
шешендік өнердің үздік үлгілеріне жатқызуға болатын билердің 
ұлан
-
ғайыр айтыстарының бірде
-
бірінде дөп айтылған әділ сөзді 
аттап өтушілікті кездестірмейміз. Ал аузымен құс тістеген 
айтыскер ақындарымыз әріптестері сөзден сүріндірген жерде 
дереу тоқтап, жеңілгендерін ашық
мойындап отырған, онымен де 
қоймай, әлгі айтысты жалпақ елге жария етіп айтып жүрушілер 
де өздері болған. Қазақтағы әйгілі айтыстарды таратушылар, 
әдетте
жеңілген жағы болып келеді. Демек, сөз қадірін танып, 
мойындау да ірілікті, кісілікті білдіреді. Мәселен, атағы жер 
жарған қаһарлы Ақсақ Темірге қатысты бір әңгімеге тоқталғанды 
жөн көрдік.
Әмір
Темір Үндістанға барған сапарында сол жердің 
өнерпаздарын
шақыртып алып: «Осы шаһарда асқан бір сазгер 
бар дегенді үлкендерден естігенім бар еді»,
-
дейді. «Ол
-
мына 
кісі»,
-
деп бір соқырды Әмірдің алдына алып келеді. Сазгердің 
өнеріне
әбден риза болған патша одан: «Есімің кім болады?» 

деп 
сұрайды. «Атым 

Мемлекет (өзбекше Дәулет)»,

дейді сазгер. 
«Мемлекет те соқыр бола ма екен?» 

дейді патша жымиып. 
Сонда зағип
сазгер: «Егер мемлекет соқыр болмаса, ақсақты 
үйіне
кіргізбес еді гой!» 
-
депті. Сазгердің тапқырлығына риза 
болған Темір оған сый
-
сыяпат беріп, шығарып салған екен.
Жарты әлемнің әміршісі дәстүрді аттамай, жүйелі сөзге 
жығылу арқылы ірі мінез, инабаттылық
көрсеткен. Қазақтың 
көне аңыздары мен шешендік айтыстарында мұндай мысалдар 
толып жатыр. Олар сөз қадірін, өз қадірін білген, би
-
шешендеріміздің ұрпаққа аманат етіп қалдырған «асыл сөз»
қазынасы
болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет