«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет67/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152
Байланысты:
Жинақ-Түркі бастаулары

Негізгі бөлім.
Адамгершіліктің бір сипаты 
– 
достық, 
бауырмал туыстық. Адамгершіліктің бұл сипаты адам баласы 
бола білуде, адам баласына
дос болуда. «Адамның баласы 
– 
бауырың, әкеңнің баласы 
– 
дұшпаның», «адам баласына 
дұшпандық адам баласына айырады», «дүниеде жалғыз қалған 
адам 
– 
адамның өлгені». «Адам баласына адам баласының бәрі 
дос», «кімге достығың болса, достық достықты шақырады». 
Тіршілікте «өсіп
-
өну жолында адамның талап қылып ізденер 
қарызды
ісінің алды 
– 
дос көбейтпек». Бұл үшін адам баласының 
жүрегінде адамға деген ізгі тілек жатуы керек: «жүрегі жұмсақ 
білген құл шын дос таппай тыншымас». Бұл 
– 
бірінші іс, 
жоғарыда айтқан дәреже, мансап, дәулет, қызмет т.б. нәрселер 
мұнсыз жалған болмақ. Сол үшінде Абай: «пайда, мақтан бәрі 
тұл, доссыз ауыз тұшымас», «махаббатсыз дүние бос 
– 
хайуанға 
оны қосыңдар», 

дейді.
Достық жалпы адам баласына ортақ мүддеге борыштылық. 
Осы борыштылықтың
екінші жағы 
– 
жеке адамдардың 
достығына достық шақырудың парыздылығы. Бұл парыз екінші 
адамның өзіне жасаған достығына махаббат қылмағында. «Кім 
сені сүйсе, оны сүймектік қарыз», «кім өзіңе махаббат қылса
сенің де оған махаббат қылмағың 
– 
қарыз». Міне, Абай нақыл 
сөздерінде адамгершіліктің бұзылмас қағидалары осыны айтады.
Адамгершіліктің екінші бір сипаты 
– 
сүйіспеншілік. 
Сүйіспеншіліктің достықтан өзіндік ерекшелігі 
– 
достық 
сүйіспеншілікпен нығаяды. Сүйіспеншіліктің арнасы кең. Оның 
құшағында
достықтың
көп түрлері жатпақ. Соның бір түрі жар, 
махаббат сүйіспеншілігі. Жар сүю 
– 
мұның өзі адамгершіліктің 
жоғарғы актісінен туады.сүйіспеншілік 
– 
адам табиғатының 
терең сезінуінен келіп, аса бір ыстық ләззат үшін тұтанған жан 
дүниенің шөліркеуі. Ол 
– 
ешуақытта
да жан шөлін басуды 
тілемейтін шөліркеу. Ол өзінің осы шөліркеуімен де жан сезімін 
сүйіспеншіліктің дариясына тоғытып жүреді. Бірақ ол еш 


144 
уақытта да шөлін басып қануды тілемес еді. Бұл 
– 
тілеуден туған 
тілеместік. Шын мәнінде осы тілеместіктің өзі 
– 
тілеу

Сүйіспеншілік адамгершіліктің бір сипаты болған себепті де, 
Абай адам баласының бұл жолда жаңылыс, жаңсақ баспауы үшін, 
өз
ақыл сөзін арнайы қалдырды. Бұл жолда жансақ баспауы үшін, 
өз
ақыл сөзін арнай қалдырды. Бұл жолда жаңсақ басу 
адамгершілікке ақау ғана
түсірмей, оны жойып та жіберетінін 
тереңнен түйген ұлы ақын шынайы махаббатты үлгі ете жырлай 
отырып, адам баласында кездесер тұтас трагедияға сабақ болар 
ой түйінін жасады. Мәселен, 
«Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдап көрсе қызар нәпсіге ерме.
Әйел
сұлу болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме» [1].
Дәл осы сөзде махаббат ісінің бар кіріспесі және аяқталуы 
жатыр, іштей ақылмен өрбітіп, әрбір түйін ұшын ұстай білуге 
мүмкіндік жасар дәрежеде құрылған сөз кестесі.
Ақын осы бір нақыл сөзді әрі тереңнен аша түсіп, әрі 
дамытып:
«Ғашықтық құмарлықпен ол

екі жол
Құмарлық
бір нәпсі үшін болады сол», 

дейді.
Нәпсінің құлы 
– 
құмарлық. Бұл өмірде өзі тілеп, қолдан 
жасаған өз бақытсыздығын өзгеден көрген жеңіл сезім дертінің 
иелері.
В.Г. Белинский: «көз тоқтатар көрікті кез болып, көңіл 
құмары
ауса, жұрт сүйіспеншіліктің өзі деп ұғынады. Осы 
бағытта кездескен бөгет көңіл
-
күйінен құмарлық туғызады. 
Қанағат
– 
көңіл
-
күйін құртады» деген болатын. Аббай да осы 
пікірмен үндес. Яғни, құмарлық 

тояттаудың құлы. Құмарлық 
тояттауға жетсе қанағат табады, қанағат құмарлықты жұтып 
қояды. Өйткені бұл кезде «көп жүрмес жеңілқойлық әлі
-
ақ тозар, 
жаңғырар жеңсік құмар жақа қозар» деп Абай айтқан екінші бір 
драма басталып қалмақ. Ашқарақтана жұтынған тағы пәнсі 
«ойнап» шықпақ. Мұндай адамның бойынан адамгершіліктің 


145 
рухын іздеудің өзі бекершілік болар еді. Абай нақыл сөздері 
жастарды осыдан сақтандырады. «Көрсе қыздар күнде ашық 
– 
диуаналық» деп «махаббат серілерінің» карикатуралық 
картинасын жасайды. Бұл мектеп 
– 
үлкен мектеп екендігін, 
өмірдің
бір кезеңі болып табылатынын ұғындырып, сыннан 
өтуді, сезімді ақылға жеңдіруді үндейді:
«Махаббат достық қылуға
Кім де болса тең емес,
Қазір
дайын тұруға 
Бес күндік ғашық жөн емес», 

деп ескерту жасайды.
Абайдың мұралары 
– 
халқымыздың ғасырлай бойы маңызын 
жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, 
заман өзгеріп, қоғамдық санадан салыстырар пайда болған сайын 
бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, 
қадірін
арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз 
жеткізеді. 
Абайтануға қатысты негізгі ойлардың жиынтығы Абайдың 
қарасөздерінде
екендігі белгілі. Әлемдік әдебиеттен қазақ 
әдебиетінің
классигі Абай Құнанбаевтің орнын іздей бастаған, 
қазіргі
қоғамдық өмір мен ғылымда өріс ала бастаған оң 
өзгерістер
мен тарихи шындықты қалпына келтіруге ұмтылыс 
жасап жатқан жаңа ізденістер кезінде Абай қарасөздері кеңес 
өкіметі
тұсында комунистік партия берік ұстанған таптық 
көзқарас тұрғысынан зерделеніп жазылды. Ақын қарасөздеріне 
қатысты
мәселелер біржақты, үстірт қарастырылып, ал кейбір 
айтулы ойларының мазмұны сол тұстағы саясат ыңғайымен қате, 
жаңсақ түсіндірілді [2].
Абай қазақтың қазіргі ұлттық әдебиетінің негізін салған 
классик екендігі ешқандай дау тудырмайтыны ақиқат. Абай қазақ
халқының рухани мәдениетін әлемдік озық үлгілермен 
табыстырып, оған өз ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктерін,ой
-
пікір байлығын, сөз өнерінің үлгісін қосады.
Абайдың дарын қуаттылығы, жан
-
дүниесінің кеңдігі және 
поэтикалық қиялының шексіздігі мен тереңдігі кім
-
кімді де 
таңдандырады. Академик Серік Қирабаев «Абай 
– 
қазақ 
әдебиетінің
классигі» деген мақаласында: «Жазу өнерінің 


146 
қарапайымдылығы
мен табиғилығын Абай қазақ поэзиясының 
ұлттық
сипатына айналдырды. Оның ұғымы, танымы, бейнелеу 
жүйесі түгелдей ұлттық шындықтан өрбіп, біртіндеп тереңдейді. 
Жаңа ой, жаңа сөзге лайық стильде жаңарып, өзгеше көркемдік 
қуатқа
ие болады. Ондағы тіл байлығы, суреттеу құралдарының 
әралуан
түрлері, теңеулер мен метафора, күштесіз, төгіліп, 
ұйқасып
тұрған тармақтар, ішкі үйлесімдер қазақтың сөз өнерін 
әсемдік
әлемінің биігіне көтереді. Осымен Абай қазақ сөзін 
ұстартып, әдеби тілдің негізін салды» деп бағалайды. Ғалымның 
бұл мақаласы «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» атты жинағына 
кіргендігі белгілі. [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет