2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
sihymbaev madeniettanu

«Артемида ғибадатханасы»
Қазіргі Туркияның батыс жағалауындағы Эфес 
қаласында салынған. Ғибадатхананың көлемі 114х55м.
Мәрмәр тастан қашалып жасалған. Б.д.д 262 жылы готтар 
қиратқан.
Афродита сұлулық құдайы, Дионис шарап құдайы тағы 
сол сияқтылар қалыптасты. Грек сәулет өнерiнде сарайлық, 
храмдық құрылыстар ерекше орын алады.
Мүсін өнерi дамыды, Мирон (Диск лақтырушы), 
дорийлiк стильде Парфенон сарайы салынды. Сонымен қатар,
жартылай құдай, жартылай адам: Аппалон, Арес тағы сол 
сияқтылар өмiр сүрдi.
Грек мәдениетінің төртінші кезеңі 
Гректiң классикалық 
мәдениетi б.з.д. V-IV ғасырларда қалыптасты. Бұл дәуiрде 
философия, театр, ғылым қалыптасты.
Философия саласында Сократ, Платон, Аристотель т.б.
еңбек еттi. Бұл кезең Периклдің бйлік құрған тұсы. Грек
театры б.з.д. V ғасырда гүлдендi, трагедия, комедия 


92 
жанрлары қалыптасты. Трагедия – «ешкілер әні» деген 
мағынаны білдірді.
Дионис құдай құрметіне мемлекеттік мейрам бекітілді, 
трагедиялық шығармалар адам бойында адамгершілік, 
парасат сезімдерін, этикалық мінездерін тәрбиеледі.
Классикалық грек трагедиясының негізін қалаған 
Эсхил(б.д.д.525-456ж.), оның шығармаларынан шындық, 
әділеттілік, діни этикалық қасиеттермен отансүйгіштік, 
рақымшылық сезімдері жоғары қойылған. «Құрсаулы 
Прометей», «Орестей».
Адамның қасiрет арқылы тазаруын Аристотель Катарсис 
деп түсiндi. 
Софокл(б.д.д.497-406ж.) «Эдип патша» шығармасын, 
Эврипид (б.д.д.480-406ж) «Медея», «Федра» шығармасымен 
танымал болды. Трагедияның негiзiн Эсхил, комедияның 
негiзiн 
Аристофан(б.д.д.445-385ж.) 
қалады. 
Оның 
шығармалары «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» 
ақылы мен арын сатқан ел билеушілерін мысқылдайды.
Тарих 
атасы 
Геродот 
(б.д.д.484-430ж.) 
«Тарих» 
еңбегімен танымал болды. Сәулет өнерiнде Дорийлiк, 
Ордерлiк тәсiл дамыды, оның мүсіндеу өнерімен тығыз 
байланысы болды.
Классикалық дәуір өнері тәуелсіз, табиғилықты шебер 
бейнелеуімен ерекшеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет