88
1.
«Антика» туралы ұғым. Ежелгi Грек мәдениетiнің
сипаты мен даму кезеңдері.
2.
Ежелгi
Рим
мәдениетiндегі
сабақтастық
пен
жаңашылдық сарындары.
Дәрістің мақсаты:
Студенттерге антикалық мәдениеттің
қалыптасу ерекшелігі мен оның әлемдік мәдениеттегі орны
мен ролін анықтау дағдысын қалыптастыру.
Дәрісті өткізу формасы
: мәселелік
Терминдер:
антикалық
,
гуманизм, калокагатия, гедонизм,
классицизм, эллинизм.
1. «Антика» туралы ұғым. Ежелгі Грек мәдениетінің
сипаты мен даму кезеңдері. Ежелгі Грек мәдениетінің
мифологиясы мен космоцентризмі. Грек поэззиясы: Гомер,
Гесиод. Антикалық полис ұғымы.
Грек мәдени
дүниетанымының табиғаты. Антика мәдениетіндегі білім
беру, тәрбие мәселелері. Грек трагедиясы және театры
(Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан).
«Антика» латын тілінде - антиквус (көне, ежелгi)
мағынаны білдреді. Қайта
өрлеу дәуiрiнде бұл ұғымды
итальян ойшылдары грек- рим мәдениетіне қатысты атаған.
Көне мемлекеттердiң мол мұрасы Европалық мәдениеттiң
өркендеуiне үлкен үлесiн қосты.
Грек, Рим суретшiлерi,
философтары, сәулетшiлерiнiң
қарапайымдылық, шеберлiктерi мәдениеттiң үлгiсi болып
табылады.
Өмір
шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен
қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен
белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің
және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары – көне
заман тарихы туралы ұғымымызды
кеңейтіп қана қоймай,
мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін
жоймай отыр.
89
Гректер өздерiн « Эллиндер», өз елiн «Эллада» деп
атайды. Антикалық мәдениетi б.з.д. I мыңжылдықта
қалыптасты.
Ол 15 ғасырды қамтиды. Антикалық мәдениет Vғ. Рим
империясы құлауымен аяқталды.
Көне мәдениеттердiң
көрнектi өкiлдерi: Эсхил, Софокл, Евклид, Геродот, Фукидид,
Демокрит, Платон, Аристотель. Көне грек мәдениетінің
тамыры тереңде жатыр (сурет 1).
Грек мәдениетi б.з.д. III-II мыңжылдықта Грекия
жерiндегі мемлекет Эгей теңiзi
аралық өркениетi болып
табылады.
Грек мәдениетінің кезеңдері
Крит микен
Мәдениеті
(б.д.д.2мың.-ХІІІғ
)
Гомер кезеңі
(б.д.д.ІХ-VІІІғ)
Архаикалық
кезең
(б.д.д.VІІ-VІғ)
Классикалық
кезең
(б.д.д.V-ІVғ)
Эллинизм дәуірі
(б.д.д.ІV-Іғ)
Сурет 1
«Эгей» өркениетi грек мәдениетiнiң қайнар көзi (Крит
және Пелопонесс түбiнде Микены аралдары) сондықтан Крит
– Микен мәдениетi деп аталады.
90
Крит – Зевстiң құдайдың туған жерi. Зевс – бұқа
кейіпiнде Финикия ханшайымы Еуропаға үйленедi, олардың
жұбынан Минос патша өмiрге келедi. Атақты Геракл өз
ерліктерінің бірін осы Крит аралында жасаған. Крит жайында
мысыр жазуларынан кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: