2. Мәдениет ұғымы және оның мәні


Грек мәдениетінің екінші кезеңі ұлы Гомер атауымен



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
sihymbaev madeniettanu

Грек мәдениетінің екінші кезеңі ұлы Гомер атауымен 
аталады.
Б.з.д. VIII ғасырда Гомердiң «Иллиада» және «Одиссея» 
дастандары грек халқының тәрбиешiсiне айналды. Атақты 
Фидий «Иллиаданы» оқғанда адамдар екі есе көрінетіндігін 
тебірене атаған. Бұл кезең таптық қатынастардың 
қалыптасуы, әлеуметтік теңсіздік орын алды.
Протогор: «Адам – барлық заттардың өлшемі» деген 
қағидасы адамның күш-қайратын дәріптейді. Дегенмен, 
адамнан гөрі құдайлар құдіретін жоғары бағалады, Олимп 
тауы баурайындағы Зевс бастаған даналар тобы жетілген адам 
идеалын білдірді. 
Грек мәдениетiнде ою өрнектi, геометриялық үлгiде 
салынған құмыралар, әшекейлiк бұйымдар ерекше орын 
алады. Бұған дәлел б.з.д. VIIIғ. Дипилон зиратынан табылған 
ескерткiштер 
бола 
алады. 
Гомерлiк 
дәуiрде 
жазу 
болмағанымен алғашқы алфавиттiк нышандар пайда болды. 
Гомерлік кезең грек қоғамы мен мәдениетінің дамуына 
алғышарттар жасады. 
Грек мәдениетінің үшінші кезеңі
Архаикалық кезеңдер 
(б.з.д. VIII-VIғ) «Архаиос» көне деген мағынаны бiлдiредi. 
Бұл кезеңде гректер Жерорта, Мрамор теңiздерiнiң 
жағалауын отарлай бастады. 
Қала 
мемлекеттер 
қалыптасты. 
Темiр 
өңдеу, 
металлургия дамыды. Мидия, Финикия алфавитiнiң негiзiн 
дамытты.
Қала халқы «Демос» қалыптасты. Гректер Оңтүстiк 
Франция, Испания, Сицилия, Апенин түбегiн, Нiл өзенi, Қара 
теңiз жағалауларын да түгелдей өзiне қаратты. Ең үлкен қала-


91 
мемлекеттер: Афины(8400км.кв), Спарта(2650км.кв), Коринф 
т. б. болды. 
Бұл кезеңде грек құдайлары жөнiнде көзқарастар 
дамыды, құдайлардың құдайы Зевске арнап Олимп тауының 
етегiнде б.з.д. 776 жылы алғашқы олимпиада ойындары 
өткiзiлдi.
Грек діндері политейстік сипатта болды. Құдайлардың 
құдайы Зевс әйелі Гера екеуі өзінің бауырлары мен балалары 
аспан, теңіз жерасты әлемін басқарып отырды.
Құдайлар мен адамдар некесінен туылған жартылай 
құдай адамдар –Геракл өмір сүрді. Гесиод «Теогония», 
«Еңбектер мен күндер» шығармасымен танымал болды. 
Артемида жануарлар өсiмдiктер құдайы, оның құрметіне 
Артемида ғибадатханасын салған. Әлемнің жеті кереметінің 
бірі болған ғажайып өнер туындысы гректердің сол кезеңдегі 
мақтанышына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет