2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет47/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
sihymbaev madeniettanu

 
 
Тақырып 8
. ИСЛАМ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИЕТI 
Дәріс 8.
 
1. Көне араб мифологиясы. Ислам діні – араб 
мәдениетінің бастамасы.
2. Ислам дініндегі басты бағыттар. 
3. Араб тілді философия мен ғылым. Шығыс ренессансы 
мәдени феномен ретінде.
 
Дәрістің мақсаты:
Студенттерге исламдық мәдениеттің 
қалыптасу ерекшелігі мен оның әлемдік мәдениеттегі орны 
мен ролін анықтау дағдысын қалыптастыру. 
Дәрісті өткізу формасы
: мәселелік 
Терминдер:
монотеизм, перипатетизм, арабеска, суннизм, 
шеизм, суфизм, хариджизм. 
 
1.
 
Ислам діні – араб мәдениетінің бастамасы. «Өткенді 
бағалау» – ислам дүниетанымындағы болашақты болжау 
кепілі. Исламдық мәдениет әлемi өзiнiң даралығы, 
қайталанбастағы 
арқасында 
Европалық 
мәдениеттен 
ерекшеленедi. Арабтар (көшпелiлер, далалықтар) Аравия
жартылай түбегiн мекендеген халықтар болды. 
Аравияда б.з.д. I мың жылдықта оазисті мекендерде 
егіншілік дамыса, далалы аймақтарында мал шаруашылығы 
өркендеді. 
Арабтар теңіз жолдарын да жақсы дамыта білді. Ірі сауда 
қалалары пайда болды. Ең үлкен қалалары: Мекке, Мәдина, 
Таиф.


100 
Оазис қалалары көшпелi арабтардың сауда қарым-
қатынасын жасауда үлкен роль атқарды.
Арабтар б.з.д. VII ғасырда Африка, батыс Үндiстан 
жағалауында сауда факторияларын салды. Б.з.д. II ғасырда 
қытай фарфоры мен жiбегiн, үндінің бағалы металл 
бұйымдарын, иранның кілемдерін, қолөнер бұйымдарын
Европаға жеткiзушi бiрден-бiр аймақ болып табылды.
Араб қалаларында – христиан, иудазм дiндері дамыған. 
Буддизм философиялық ағымы да кездесетін. Мекке 
қаласында орналасқан Кағбада сол кезде 300 аса пұттар 
тұратын. 
Арабтар 
оларға 
табынатын. 
Зороастризм 
философиялық ағымы да болатын. 
Осыған байланысты арабтар ашық саясат жүргізгендігін 
байқауға болады.
Арабтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы V-VII 
ғасырда Эфиопия, кейiн парсылардың қол астына қарауына 
байланысты құлдырай бастады.
Себебi, парсылар керуен жолын Иран территориясы 
арқылы жүргiздi. Аравияда дағдарыс жылы басталды. Өзара 
қырқысу соғыстары, ашаршылық, қарақшылық, зорлық-
зомбылық бой көрсете бастады. 
Аравияда пұтқа табыну, әртүрлi құдайларға табыну 
қоғамның бiрiгуiне керi ықпал тигiздi. Арабтардың жер 
бетінен жойылып кету қаупі төнді.
2. Мухаммед пайғамбар , оның бейнесі мен қызметі. 
Құран-ислам дінінің басты қағидалары. 
Аллаһтың соңғы пайғамбары етіп таңдап алған сүйікті 
құлы Мұхаммед Мұстафа жаңаша күнтiзбекпен алғанда 569 
жылы сәуiр айында Меккеде дүниеге келдi. (көптеген 
деректерде Мұхаммед Пайғамбар 570 жылы туды деп 
көрсетiлетiнiн ескерткімiз келедi – «Тәржiмәшiлер»). 
Мұхаммедтiң арғы атасы Хашим Меккенiң ұлы 
жарылқаушысы болыпты. Мұхаммед – құрайiш тайпасынан 
шықты. Бiрақ, Мұхаммед жастайынан жетiм қалды. Екi 
жасында әкесi Абдолла, жетi жасында шешесi Әмина қайтыс 


101 
болады. Мұхаммед жиырма бес жасында Мекке қаласының 
ақсүйек ханымы, жесiр Хадишаға (40 жасар) үйленедi.
Мұхаммед қырық жасқа толғанда Аллаһ аян бередi. 
Жәбiрейiл перiште арқылы Аллаһ Мұхаммедке Құран 
сүрелерiн түсiре бастайды. Құранда – 114 сүре бар.
VІІ ғ. Мекке қаласының тұрғыны, арабтың күрейіш 
руынан шыққан Мұхаммед көпкұдайшылықты қойып, 
жалғыз Аллаһты тануға шақырды. 610 жылы рамазан айының 
бір түнінде, Хира тауының үңғірінде, жалғыздықты сүйіп, 
Аллаһқа жақындау жолдарын іздеу үстінде оған Жебірейіл 
періште келіп «Оқы» дейді. Оған Мұхаммед «Мен оқи 
алмаймын» деп жауап береді. Періште оны қаты қысып 
қойады да «Оқы» дейді. «Мен оқи алмаймын» деп жауап 
береді Мұхаммед . Жебірейіл оны тағыда қаты қысып 
қойады да, «Оқы» дейді. «Мен оқи алмаймын» деп жауап 
береді Мұхаммед . Ол үшінші мәрте қатты қысып қойғаннан 
соң «Қойыртпақтан адамды Жасаған өз Құдайың үшін 
оқы...». Одан кейін Мұхаммед қорыққаннан қаша жөнеледі. 
Аспанның түнгі қонағының даусын естиді: «Мұхаммед, 
сен Аллаһтың жіберген елшісісін, ал мен Жебірейілмін.»
Міне, осыдан бастап Аллаһ Тағала Жебірейіл арқылы 
өзінің сүйікті құлының жүрегіне уаһилер түсіре бастады. 
«Құран» араб тiлiнен аударғанда «Каара», «оқы» деген 
мағынаны бiлдiредi. Құрандағы әр сүре аяттардан тұрады. 
«Аят» араб тiлiнен аударғанда «ғажап» деген мағына бередi. 
«Ислам» – араб тiлiнен аударғанда «мойынсыну» немесе 
«мұсылман» деген мағына бередi. «Мұсылман» – «Ләә иләһә 
иллаллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайық Құдай жоқ) 
және Мухаммад Оның құлы әрі елшісі деп куәлік бергендер. 
Ислам дiнiнiң мақсаты бiр Аллаһқа табыну. Мекке 
ақсүйектерiнен қолдау таппаған Мұхаммед 
Мәдина
қаласына көшедi (622 жыл). 
622 жылы – мұсылмандық жыл санаудың басталуы 
болып есептелiнедi немесе Хижра жылы. 


102 
630 жылы Мұхаммед пайғамбар Аравия жартылай 
түбегiн түгел өзiне бағындырады және Араб халифатының 
негiзiн қалайды.
Әлемдегi ең бiрiншi Арабтық – исламдық мемлекет 
қалыптасады.
Мұхаммед Пайғамбар шешен тiлi мен қару күшi 
арқасында араб тайпаларының біріктірді.
Оның қол астында мыңдаған мұсылман жауынгерi бар 
әскерлер болды. Ол әскерлер негiзiнен аштықта шыныққан, 
шөл далада пiсiп, күн астында күйген, нағыз хас
батырлардан жасақталған едi.
Мұхаммед – ұлы да мейiрiмдi пайғамбар, әрi көп елдi 
өзiне қаратқан билеушi ретiндегi атағы алысқа жайылды.
Көптеген елдерден, тайпалардан елшілер келiп, Ислам 
дiнiн өз еркiмен қабыл алып, Мұхаммедтiң қол астына кiрiп 
жатты. 
Ақырында Мұхаммед бүкiл Аравияны біріктірді. 
Мұхаммед 63 жасында бұл өмірден озды. Жиырма үш жыл 
бойына исламды, бірқұдайшылдықты насихаттады. Ол ислам 
үшiн бүткіл өмірін арнады (сурет 1). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет