жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық
түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы
«Қазақша оқыту жайынан» деген мақаласында «бала
оқытатын адам оған
үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек»,-
дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931жж.). «Тәрбиеге жетекші» (1924) деген
еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын,
оқытудың
дұрыс жүйесін тауып, білім берудің ишараттарын көрсететін педагогика
бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама
берген.
Жүсіпбек Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін
тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға
туған елдің салт-санасын, әдеп-
ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекшеге көңіл
бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын
көрсетті. Олар:
-
мұғалімнің қатты сөйлеуі;
-
суреттердің бояуының ашықтығы;
-
әсердің күштілігі;
-
затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не
көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін
Мағжан Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді
бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген жұмыстары жүргізілді.Бұл
жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың
алдында көптеген
міндеттер тұр. Олар:
І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды
мектепке енгізу; аз
комплектілі
мектептердегі,
мектепке
дейінгі
мекемелердегі оқу процесін жетілдіру; білімдік
процеске
жаңа
технологияларды енгізу; мектептегі компьютерлендіруді аяқтау; мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау,
оларды кезең-кезеңмен
мектептерге енгізу; ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын
ғылыми негіздеу; білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: