Қазіргі заманғы дидактикалық ЖҮйелер (Педагогикадан курстық жұмыс )


Оқыту процесінің қозғаушы күштері



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.12.2023
өлшемі453,99 Kb.
#138653
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазіргі дидактиканың 10 мәселесін тұжырымдаңыз және негіздеңіз

Оқыту процесінің қозғаушы күштері. 
Оқыту процесінде кездесетін қарама – қайшылықтарды шешу – оқыту 
процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы 
күші оқушылардың алдына қойып отырған мұғалімнің міндеттері мен 
оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-
ойлары арасындағы қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі 
мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы 
түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу 
процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды 
оқушылардың дұрыс түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және 
әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады. 
Мысалы, 
ынтымақтастық 
педагогикасы 
дәстүрлі 
педагогиканың 
кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге 
ат салысты. Олар: оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы 
арасындағы қайшылық; 
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері: 
Мұғалімнің 
оқушының 
намысына 
тиіп, 
дөрекілік, 
ұстамсыздық 
көрсетуі,бағаны дұрыс қоймау, мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі, үй 
тапсырмасын орындамау, сабаққа қатыспау. 
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, 
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адам игілігіне 
айналдыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру жіктеу 
және жинақтау арқылы терең ұғыну керек. Оқушыны ойлау операциясына 
сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі 
ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен 
ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету. 


Оқушылардың білімі – оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу 
материалын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді 
меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен бағдарлама-оқулықтарымен 
салыстырып анықтайды. 
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс - әрекет жеке тұлғаны 
қалыптастырады. Білім – қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, 
меңгірілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке 
дағдыланады, 
қоғамдық-материалдық 
байлықтың 
артуына, 
рухани 
мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім 
керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл 
жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процес емес, ол баланың жеке 
тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады. 
Әл-Фараби «Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту – 
барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін 
адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда 
болады» - деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болуы керек. 
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, 
өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік. 
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте 
қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді. 
Ой тұрақтылығы дегеніміз – ойдың маңызы, оқу материалдарына тоқталуы, 
оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл – ой 
жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға 
байланысты. 
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, 
ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден 
көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді 
теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге 
және сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.


Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық. Ол қасиеттер 
білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру – ақиқатты білу 
арқылы болмысты тану процесі. 
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын 
бағалау арқылы танылады. Білім сапасы – білімді меңгеру нәтижесі. 
Іскерлік – бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын 
іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз – іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс 
тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, 
адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу 
қабілеті. 
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады. 
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған «елес, ұғым, білім, дағды, зейінді 
шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу 
және өзін-өзі бақылау дағдылары» енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы 
оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді 
тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке 
байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, 
реактивтерді қолдану, т.б.) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық 
процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды. 
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен 
жұмыс және басқалары оқу еңбегінің жалпы іскерліктері) оқушының өз 
жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан 
көрінеді. 
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте 
маңызды оқу іс әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар: арнайы іскерлік; оқу 
жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі; ақыл-ой іскерлігі. 
Білім мазмұнын жетілдіру әртүрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді 
жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты «Жалпы 
білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (I-IV сыныптар)» (Алматы, 


1997), «білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын 
негізгі талаптар» деген бөлім енгізілді. 
Бірінші топ – арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында 
нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, 
жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді. 
Екінші топ – оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: 
оқу материалдарын меңгеру, талдау оларды түрлі танымдық міндеттерді 
шешуге қолдану, жұмысты безендіру. Өз жұмысын бақылау, оның
нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару. 
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және 
жинақтау, қорытындалау және саралау, абстракция және нақтылау, 
салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау. 
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, 
репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді. 
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша «дағды – алғашқыда саналы 
орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың 
нәтижесінде автоматтандырылуы». Дағды – іс-әрекеттің автоматтандырылған 
бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді. 
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, 
жаттығуларды шапшаң жасайды. 
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық 
болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте 
сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс 
құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма 
сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет көрсету, 
жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, 
машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және 
уақытты қабылдау. 


Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя 
білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі 
тәрбиелеу. Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет