Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет109/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

құлаққа ұрған тана-
дай 
бəрі бірдей тына қалған.
(І.Есенберлин. Алмас қылыш.). 
• 
Хан үндемегеннен кейін тірі жан аузын ашқан жоқ, барлық 
жұрт 
құлаққа ұрған танадай
 үн түнсіз
. (Алмас қылыш). 
Осы тұрақты тіркестің қалыптасу мотивіне үңілсек, неге басқа емес 
тана жəне оның құлаққа қандай қатысы бар деген сұрақтар туары сөзсіз. 
Бірақ тұрақты тіркестердің көпшілігінің қалыптасуында белгілі бір мо-
тив болатынын ескерсек, мұның да бір негізі болуға тиіс. Ол негізді біз 
халық тұрмысымен, халық тіршілігімен байланыстыра қарастырдық.
Сиырдың жас төлінде (бұзау, тана, баспақ) 
«айналшық»
деген дерт 
кездеседі. Оны ғылыми түрде «
ценуроз»
деп атайды. Бұлай ауырған мал 
сенделіп, тұрған жерінде айнала береді. Қазақтарда осыған байланысты 
айналшық жегендей
деген де сөз бар. Оның мəні бір жерді төңіректеп, 
маңайлап кете қоймайтын, жүріп алатын кісі туралы айтады. Шыр 
айналып шықпау мағынасын беретін
 «айналшық жегендей»
тұрақты 
тіркесінің қалыптасуына негіз болған айналшық сөзіне Қазақ тілінің 


168
түсіндірме сөздігінде «Айналшық – тік ішектің сыртқы жиегі, ернеуі» 
деген ғана түсінік беріледі (1т.102 б). Ал 1999 жылы жарыққа шыққан 
Қазақ тілінің сөздігінде бұған қосымша «улы шөп» деген түсінік берілген 
(21 б). Біздіңше, тұрақты тіркестегі айналшық сөзінің қалыптасуы 
айла
түбірінен шығады. 
Айла 
сөзін көптеген тілдерде кездестіруге болады. 
Мысалы: 
айлан ajlan
(əзірбайжан, 
гагауз диал, татар, қарачай-балқар, 
қырғыз, алтай, өзбек, ұйғыр); ейлен – /eylen
(қараим тілінің қырым диал); 
əйлен – /ajlan (башқұрт, татар); 
айлақ -/ajlag
(құмық); 
айнал – /ajnal
(қазақ; 
өзбек диал.). 
Айла
етістігі қазіргі тілдердің кейбірінде ғана сақталған. 
Ал кең тарағаны оның – 
айлан
түріндегі өздік етіс формасы. Ал 
айнал
болса, 
айлан
етістігінің метатеза құбылысына ұшыраған формасы деуге 
болады.
Сонда 
құлаққа ұрған танадай
фразеологизміне ілесе туған 
айналшық 
жегендей 
тіркесі. Бұл да сол ауырған малға ұқсата теңеп айтқаны. Ал 
ауырған малды қазақтар жұдырықпен 
құлаққа қатты соғу 
арқылы жа-
зады, сонда есеңгіреп қалған төл, аздан кейін шөл жеп, су іше бастайды 
[Қараңыз: Мұқанов С. Қазақ қауымы. 1995:81б]. Қазақтың тып-тыныш 
бір халді 
«Құлаққа ұрған танадай
деуі содан болса керек.
Жалпы, қазақ халқының малды емдеудің түрлі тəсілдері болғаны 
анық. Өйткені ауырған малды қазақ емсіз қалдырған емес. Ендеше, сиыр 
төлін құлаққа ұру арқылы емдеу – осы халық емшілерінің мал емде-
удегі бір тəсілі. Кейін уақыт өте келе мал дəрігерлері шығып, мұндай 
тəсіл ұмыт болып, ол тек тұрақты тіркеске айналса керек. Кейде көркем 
əдебиетте осы тіркестің өз мағынасында қолданылғанын да кездестіруге 
болады. Мəселен, Б.Момышұлының қолданысында бұл есеңгіреп қалу 
деген нұсқада қолданылады. Мысалы: 
Танк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет