Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет127/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

5.5 Омоним фразеологизмдер
Фразеологизмдердің семантикалық парадигмаларының ішінде сирек 
те болса омоним тіркестер де кездеседі. 
Көп мағыналы фразеологизмдердің кейбір қатарларында омоним 
тіркестердің ұшырасып отыруы тілдік факт ретінде сөздіктерге енген. 
Жəне жеке-жеке реестрге алынған.
Жалпы омонимдердің пайда болуының бір жағы көпмағыналыққа 
қатысты. Полисемиялы тіркестер арасында мағыналық байланыстың 
үзілуінен омоним фразеологизмдер бөлінеді. Бұлар бір кезде өзара 
байланыста болған, бірақ көп мағыналықтың əрі қарай ыдырау про-
цесі мен семантикалық тұтастықтың əлсіреуінен ұқсас категориялар 
болып қалыптасқан. Омоним тіркестерді І.Кеңесбаев жарыса туған екі 
мағынаның ең алшақ типі деген. Алайда ең алшақ типтерді тауып, мынау 
көп мағыналы, мынау омоним тіркес деп тану бұлардың арасында бір 
кезде аралық мағынаның болуы себепті екеуін ажыратудың қиындығы 
лексикалық омонимдер мен полисемияны ажыратудың қиындығынан 
да күрделі. 
Омоним фразеологизм болу үшін тіркестер арасында мағыналық бай-
ланыс болмауы керек. 
Мысалы:
Есі кету ≠
 
1.Қуаныштан
2.Қорыққаннан
Мысалда оппозициялық екі түрлі ситуация бар. Алайда 
қорыққан 
мен қуанған бірдей
деген мақалды еске алсақ, шынында адамның ішкі 
эмоциясы бет əлпетінде бірыңғай ұқсас қимылдарды туғызады. Содан 
барып сыртқы көріністегі ұқсас ассоциация сақталып, бірақ ішкі мазмұн, 
мағына мүлде басқа жағдайды қорыққанын немесе қуанғанынын сурет-
тейді. Демек екі тіркестің арасында ешбір мағыналық байланыс жоқ. 
Көпмағыналықтың жарыса туған түрлерінің арасынан омонимдерді із-
деу, ажырату оңайға түспейді. 


192
Ал мына мысалда да ұқсас ситуация, бірақ мағыналық байланыс 
байқалмайды:
Ауыз ашу ≠ 
1. Бір нəрсеге таңқалу 
2. Ораза кезінде ауыз ашу
3. Сөйлей бастау
Бірінші тіркестің бейнелі мағынасы адамның таң қалған жағдайдағы 
аузы ашылып қарауы, тыңдауы т.б. физиологиялық сəтін суреттей-
ді. Екінші тіркесте рамазан айында мұсылман жұртының ауыз бекіту 
ұғымына қарсы мəндегі ауыз ашу, тамақ ішу мағынасы берілген. Ал 
үшінші мағынасы бойынша адресанттың айтуы, сөйлей бастауы деген 
ұғым қалыптасқан. 
Фразеологизмдер өзара омонимдес болумен қатар, тілдегі еркін 
сөз тіркестерімен омонимдес болатындығы келтірілген мысалдардан 
көрінеді. 
Кейде көп мағыналыққа қатыссыз дыбысталу мен жазылуында 
кездейсоқ ұқсастығы бар омоним фразеологизмдер кездесесіп қалады. 
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет