Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет128/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

Бас жару 
≠ 
 
 
1. Ожарлық əркет жасау 
2. Өсімдіктің гүлдеуі 
Ат қою 

 
 
 
1. Қаралы үйге атпен ой бауырымдап келу 
2. Нəрестеге ат, есім беру 
 
Ала көңіл 
≠ 
 
 
 
1. Арам ниет, күдік 
2. Көңілі бөліну, алаңдау 
Тіркестер омоним фразеологизмдер деп танылу үшін мынадай бел-
гілер болуы керек:
◊ 
Омоним фразеологизмдер көп мағыналы тіркеске ұқсайды, бірақ 
тіркестер арасында өзара мағыналық байланыс болмайды.
◊ 
Айтылуы мен жазылуы бірдей омоним тіркестер кейде кездейсоқ 
жасалуы да мүмкін. 


193
О
монимия құбылысы фразеологизмдердің барлық түрлерінде кездесе 
бермейді. Көбінесе фразеологиялық бірлік пен фразеологиялық тізбек-
терде ұшырыасады. 
5.6 Қазақ фразеологиясындағы 
синтагматикалық қатынастар
«Синтагматикалық қатынастардың парадигматикалық қатынастардан 
өзгешелігі сөздердің, яғни тілдік таңбалардың ұқсастығын не ерекшелігін 
қажет етпейді. Тек бұл қатынасқа енген тілдік таңбалар қарым-қатынас 
кезінде бірге қолданыла алады жəне өзара ықпалдасады». (Кронгауз, 
152).
Фразеологиялық синтагматика жөнінде мағыналыс фразеологизмдерді 
қарастыру барысында, біраз ой-пікірлерімізді ортаға салғанбыз. 
(Қараңыз: «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мідени аспектілері». 
1998. 40-43 б.). Тұрақты тіркестердегі тіркесімділік арқылы синтагмалық 
қатынастарды жан-жақты терең талдауға болатындығын идеялармен 
ашық тақырып ретінде қалдырғанбыз. 
«Қазақ тілінің лексикалық синтагмасы» атты зерттеуінде Ғ.Хасанов 
(2009) фразеологиялық синтагматиканың ерекшеліктеріне назар аударған. 
Ғ.Хасанов аталған еңбегінде «Фразеологияның синтагматикалық ас-
пектісі» деген тараушасында (336-364) арнайы сөз етеді. Ал орыс 
тіл білімінде бұл мəселе өз кезінде əсіресе, əкелі-балалы В.П.Жуков, 
А.В. Жуковтардың зерттеулерін жəне фразеологиялық оралым туралы 
жазған Тагиев т.б. ғылыми көзқарастарын атауға болады.
Мəселен, В.П.Жуков, А.В. Жуков: «Фразеологизмдердің сөзбен 
мəндік бірлестікте болып, семантикалық эффект беруі, яғни лексика-
фразеологиялық тіркесімділік құрауы – фразеологиялық синтагманың 
сипаты» дейді [2006, 173].
Қазақ тіл білімінде фразеологияда синтагматикалық қатынастарды 
əлі де қарастыру, толықтыра түсу, жан-жақты зерттеу маңызды бо-
лып есептеледі. Фразеологизм құрамындағы сөз сыңарларының тір-
кесімділігі бүкіл фразеологияның негізін құрайды. Жалпы тіл-тіл-
дегі фразеологиялық тұлғаның синтагматикасы туралы аз айтылған, 
сондықтан осы саланың өзекті мəселерінің бірі деп айтуға болады.
В.Г. Гактың айтуынша: «сөздердің тіркесімділік заңдылығын 


194
түсіну үшін үш деңгейді: қоршаған орта шындығы, ойлау жəне тілдік 
деңгейлерді талдау қажет» [1972, 369].
Фразеологияда синтагматикалық қатынастарды қарастырмастан 
бұрын, алдымен синтагматикалық қатардың мүшесі ретінде 
фразеологиялық тұлғаның (ФТ) мəртебесін анықтап алу керек. Олардың 
Ю.А. Гвоздарев ұсынған:
¸
ФТ-ның жалпы мағынасы,
¸
ФТ-ның этимологиялық мағынасы
¸
ФТ-ның лексикалық құрамы,
¸
ФТ-ның грамматикалық мағынасы,
¸
ФТ-ның стилистикалық сипаты 
фразеологимздердің синтагматикалық ерекшеліктерін анықтауға 
мүмкіндік береді. [2008, 259]. 
Фразеологиялық тұлғалар ұғымды білдіреді, сөйлеуде өзінің 
мағынасымен жұмсалып, басқа сөздермен тіркесе келе, əлдебір сөйлеу 
жағдаяттарын білдіреді. Демек ФТ лексика-семаникалық қатардың ны-
саны.
Фразеологизмдердің басқа сөздермен тіркесу қабілетін В.П.Жуков, 
А.В. Жуков үш түрге бөліп қарастырады: 
¸
Жеке толық мағынасы бар, еркін қолданысқа ие болатын фразеоло-
гизмдер. Бұлар атауыштық сипаттағы басқа сөздермен кең жəне əр түрлі 
байланыстарға түсуімен ерекшеленеді. 
¸
Жеке заттық мағынасы бар, бірақ басқа сөздермен қабыса, меңгеріле 
байланысқа түсетін тіркестер тобы.
¸
Сөздерді талғап, көбінесе бір лексика-семантикалық топтағы 
сөздермен байланысатын фразеологизмдер. (2006, 315). 
ФТ-ның тіркесімділігі өзінің құрамындағы сөз сыңарларының 
этимологиялық семантикасымен анықталады. Бұл арада кейбір 
компоненттердің лексикалық ерекшеліктерін сақтап қалуы назар аудар-
тады. Мысалы, шаршау, қатты қалжырап қалу мағынасында: 
аяғын ал-
дырту, сілесі құру, əбден қалжырау, табанынан таусылу, жүйкесі бо-
сау, құр сүлдері қалу 
фразеологизмдері бар.
 
Тіркес құрамындағы сөздер 
олардың адамның іс əркетімен жəне басқа жанды заттармен байланысы 
барын аңғартады. Кейбірі нақтылы қимылға негізделсе (
аяғын алдыр-
ту, табанынан таусылу), 
қалғандарында дəл сондай ашық іс əрекет 
байқалмайды. Мысалдар


195
• 
Артықжанның мекемеден мекеме қоймай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет