Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет79/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

өлең таппас т.б. 
Жалпы тілдегі мақал-мəтел, күрделі сөздер, фразеологизмдер сияқты 
тіркес түрлерінің барлығы жасалу жолдары ұқсас модельдер. Дегенмен 
де мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің өзара айырмашылықтары 
мен ұқсастықтары бар. 
А й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы:
#
Мақал-мəтелдердің мағынасы құрамындағы сөз сыңарларының 
/компоненттерінің / бір-бірімен байланыссыз өзара жеке тұрып та 


11
6
қолданыла беретін сөздерден шығады. Мысалы, 
Көрдім – көп сөз, 
көрмедім – бір сөз

Шегірткеден қорыққан егін екпес. 
#
Фразеологизмдердегі əрбір жеке сөздердің барлығы бірігіп бір 
фразеологиялық мағынаны білдіреді. Мысалы, 
жүрегі тас төбесіне 
шығу

 қо
рқу;
Қыпша бел
– 
жіңішке бел;
Мұрнына су жетпеу
– 
қолы 
тимеу, уақыты жетпеу,
#
Фразеологизмдерді фразеологизм деп тану үшін қойылатын 
үш түрлі басты ерекшелік бар. Олар: 
мағына тұтастығы; тіркес 
тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы. 
Ал мақал-мəтелдерде тек 
тіркес тиянақтылығы; қолдану тұрақтылығы 
байқалады.
#
Фразеологизмдер функционалдық қызметіне қарай бейтарап, кіта-
би, ауызекі сөйлеу тіліндегі жəне қарапайым, дөрекі мəнде қоланылатын 
стильдік қабаттарға жіктеледі. 

Фразеологизмдердің сөйлем ішінде жұмсалуы үшін белгілі бір 
оралымға негізделеді. Сүйемел сөздер жұмсалады.
#
Айтылатын ойды жеткізудегі пресуппозициялық ерекшеліктеріне 
қарай, мақал жəне мəтелдер деп бөлінеді. Мақал ойды толық аяқтайды. 
Мысалы:
Қазанға жолама, қарасы жұғар, Жаманға жолама бəлесі 
жұғар. Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.
Мəтелде айтылатын 
ой тұспалдап жеткізіледі: 
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме; 
Жығылсаң нардан жығыл.
Ұ қ с а с т ы қ т а р ы:
#
Тұрақты тіркестер ретінде мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің 
құрылымдық ерекшеліктері сөз тіркесі, сөйлем құрылымдас, ұқсас бо-
лып келеді. 
#
Екеуі де ұлт менталдығы мен ұлт рухын сипаттайды.
#
Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің мағыналық қалыптасу 
үрдісіне қарай прагматикалық мəніне этнолингвистикалық талдау жа-
салынады.
#
Фразеологизмдерге қойылатын кртеритерийлердің қолдану 
тұрақтылығы мен тіркес тиянақтылығы мақал-мəтелдерге де ортақ.


11
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет