жаңаланады:ағаш,шөп жасарып,жапырақтанып,гүлденіп,жаңа бұтақтар
жаяды,жануарлар төлдеп жаңа ұрпақтар жаяды.Жылдың төрт тоқсанының
ішінде дүниені жасартып,жаңалайтын –жаз.Сол тоқсанның басы науырыз
болғандықтан бұл күн «Науырыз» яғни «жаңа күн» деп аталады.Науырыз –
қазақтың басты мейрамы.Олай дейтінім- үнемі желдің өтінде,қақаған қыста
мал бағу қамымен жүретін қазақтар тіршілік жағынан қыстың өтуіне,жаздың
жетуіне шын пейілімен тілектес болып,басқа елден артық қуанып, науырыз
тойын ерекше шаттықпен дәстүрлі түрде тойлап отырған.Сондықтан науырыз
тойы арқалы қазақтың бар болмысын танып білуге болады.
Наурыз- «Ұлыстың ұлы күні» деп тегін аталмаған.Өйткені ол табиғатынан
бірлікті,туысқандықты,достықты,қайырымдылық пен ақпейілдікті
уағыздайтын,ел мен елді,жұрт пен жұртты табыстыратын мереке.Бұл
мерекеде дүйім жұрт бір-біріне «Амансың ба,ұлыс оң болсын,ақ мол
болсын,қайда барсаң жолың болсын» деп ақ тілегін білдірген.
Наурызға байланысты үміт,сенім де,ақ пейіл,адал көңіл де,парасатты
қарым-қатынастар да өзінің жалғастығын тауып жатса керек.Ренжіскен
жандар татуласып,араздардың да амандығы жарасып,өкпелерін тарқатуға да
тайлы қазан,науырыз көжелер себеп болған.
Достарыңызбен бөлісу: