Синдромдарды бекітуге арналған тестер топтамасы
(4-5 курстар деңгейі)
1. Мезосистолалық шертпе естiлетiн ақау –
А) аорта шамасыздығы
B) митраль стеноз
C) аортаның стенозы
D) оң атривентрикулдік тесіктiң стенозы
E) митральдi қақпақтың пролапсі
2. Эпицентрi III-IV қабырға аралықтарда, кеуде сарайының алдыңғы бетiнiң
барлық жерiнен естiлетiн систолалық шу себебі –
A) қарыншааралық перденiң дефектi
B) жүрекшеаралық перденiң дефектi
C) ашық артериялық өзек
D) аорта коарктациясы
E) өкпе артериясының стенозы
3. Аорта стенозында естiлетiн шу –
A) протосистолалық
B) голосистолалық
C) мезосистолалық
D) пресистолалық
E) диастолалық
4. Органикалық митральдi стенозға аускультациялық мәлiметтердiң бiреуi
тән емес:
A) Флинт шуы
B) Грэхем-Стилл шуы
C) митраль қақпақтың ашылу шертпесi
D) пресистолалық күшеюi бар мезодиастолалық шу
E) жүрек ұшында сартылдаған I тон
5. Митральдi қақпақ шамасыздығын анықтайтын аускультациялық мәлiмет:
A) жүрек ұшындағы I тонның әлсiреуi, систолалық шу
B) жүрек негiзiндегi систолалық шу
C) сартылдаған I тон
D) мезодиастолалық шу
E) қос айырылған I тон
35
6. Келесi симптом анемия, тиреотоксикоз, митральдi қақпақ пролапсі,
папиллярлы бұлшықеттің үзiлуi, ревматизмдiк митральдi шамасыздық
ауруларына ортақ:
A) Грэхем-Стилл шуы
B) жүрек ұшында диастолалық шу
C) систолодиастолалық шу
D) Флинт шуы
E) жүрек ұшындағы систолалық шу
7. 52 жастағы ревматизмдiк ақауы бар науқас, сол қарыншалық шамасыздық
клиникасымен түстi. Тексергенде: оң II қ/а және Боткин нүктесiнде
систолалық, диастолалық шу. Дөрекi тембрлi систолалық шу мойындырық
шұңқыры мен иық артериясына берiледi. Төстiң оң жағынан II қ/а
пальпацияда систолалық дiрiл анықталады. I-II тондар әлсiреген.
Қосарланған (комбинацияланған) ақау қойылған. Аорта шамасыздығын
көрсететiн белгiлердi көрсетiңiз –
A) II тонның әлсiреуi, диастолалық шу
B) I тонның әлсiреуi
C) систолалық шу
D) оң жақ II қабырға аралықтағы систолалық дiрiл
E) II тонның акценті
8. Грэхем-Стилл шуы аса тән –
A) митральдi стенозға
B) аорта шамасыздығына
C) митральдi шамасыздыққа
D) қарынша аралық перде дефектіне
E) жүрекше аралық перде дефектіне
9. Флинт шуы мынаған байланысты –
A) аорта шамасыздығындағы салыстырмалы митральдi стенозына
B) митральдi қақпақ пролапсына
C) митральдi стенозға
D) өкпенiң созылмалы бейспецификалық ауруына
E) аорта коарктациясына
10. Аорталық шамасыздықта біреуінен басқа перифериялық белгілер болады:
A) биік, үлкен, секірмелі пульс (Корриган пульсі)
B) жұмсақ, баяу, төмен пульс
36
C) Траубенің қос тоны
D) Виноградов-Дюрозье систола-диастолалық шуы
E) Мюсси және Мюллер белгілері
11. 50 жастағы науқас миокардтың алдыңғы жайылма инфаркті диагнозымен
клиникаға түскен. Күшейтiлген терапия бөлiмiндегi емнiң 2-шi тәулiгiнде ауа
жетпеу сезiмi, құрғақ жөтел пайда болған. Тексергенде: Боткин нүктесi мен
жүрек ұшында бұрын болмаған шу естiлген. Болжам диагноз?
A) Дресслер синдромы
B) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
C) лобарлы пневмония
D) постинфарктi перикардит
E) емiзiкше бұлшықетiнiң үзiлуi
12. 48 жастағы науқас сол қарыншаның артқы қабырғасының инфарктi
диагнозымен клиникаға түскен. Бақылаудың 3-шi тәулiгiнде ентiгу кенет
күшейген, оң қабырға астының керiлiп ауырсынуы, аяқтарында iсiну пайда
болған. Жағдайы ауыр, терiсi қуқыл, акроцианоз. Өкпесiнде сырылдар жоқ.
ТЖ минутына 24 рет. Жүрек тондары әлсiз, ырғақты. Парастернал сызығы
бойынан пансистолалық шу естiлдi және систолалық дiрiл анықталды. Пульсi
минутына – 96 рет. АҚ 100/60 мм сын. бағ. Бауыры 6 см ұлғайған. Болжам
диагноз?
А) митральдi қақпақ пролапсы
B) жүректiң ревматизмдiк ақауы
C) қарынша аралық перденiң жыртылуы
D) өкпе шеменi
E) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
13. Аорта қақпақтарының шамасыздығы айқын науқастарда біреуінен басқа
сол қарыншалық белгілер байқалады:
A) жайылма ЖҰТ – солға және төмен ығысқан
B) перкуссияда және рентгендік зерттеуде митраль конфигурация
C) сол бүйірінде жатқанда , физикалық күш түскенде жүрек соғуын сезіну
D) жүректің шала тұйық дыбыс шектерінің солға, төмен кеңеюі
E) перкуссияда және рентгендік зерттеуде аорталық конфигурация
14. Митральдi стенозға тән гемодинамикалық өзгерiстер:
A) сол жүрекшедегi қысымның жоғарылауы және сол қарынша мен жүрекше
арасындағы қысым айырмашылығының жоғарылауы
B) сол қарыншаның соңғы диастолалық көлемiнiң ұлғаюы
C) жүректiң айдау көлемiнiң жоғарылауы
37
D) сол қарынша соңғы диастолалық қысымының ұлғаюы
E) сол қарыншаның айқын гипертрофиясы
15. Бiреуiнен басқасы перикардқа сұйықтық жиналғандағы белгiлер:
A) рентгеноскопияда жүрек контуры пульсациясының болмауы
B) жүрек ұшы түрткiсiнiң жойылуы
C) кардиомегалия, тондардың әлсiреуi
D) перикардтың үйкелiс шуы
E) перкуссияда жүрек конфигурациясының дене қалыбына байланысты
өзгеруі
16. Дилатациялық КМП-дағы ЭхоКГ белгi:
A) жүрек камераларының кеңеюi және жайылма гипокинезия
B) қарыншааралық қалқаның гипертрофиясы
C) сол қарынша қабырғасының гипертрофиясы
D) митральдi қақпақ жармаларының бiр бағытты қозғалуы
E) ошақты акинезия
17. 22 жастағы ер адамда бала кезiнен жүрек негiзiнде систолалық шу
байқалған. АҚ 150/100 мм сын. бағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында:
сол қарыншаның ұлғаюы, екi жағында да V-VII қабырғаның төменгi шектерi
иректелген (зазубренные). Аяқтарында пульсация әлсiреген. Диагнозы –
A) аорта коарктациясы
B) аорта сағасыныңң стенозы
C) жүрекшеаралық перде дефектi
D) қарыншааралық перде дефектi
E) ашық артериялық өзек
18. Сол қарынша гипертрофиясының белгiлерiне жатпайды –
A) оң кеуде тiркемелерiндегi терең S тiсшелерi
B) жүрек электр өсiнiң оңға ығысуы
C) сол кеуде тiркемелерiндегi биiк R-тiсшелерi
D) оң кеуде тiркемелерiндегi биiк R тiсшелерi
E) R
I
≥R
II
≥R≥
III
19. Миокардиттегi жүрек өлшемдерiнiң ұлғаюы мынаған байланысты
A) миокард гипертрофиясына
B) жүрек бұлшықет тонусының жойылуына
C) перикард қуысына сұйықтық жиналуына
D) миокардта гликогеннiң жиналуына
38
E) миокардта амилоидтың жиналуына
20. Кардиомегалия және өкпедегi iркiлiс белгiлерiмен жүруi мүмкiн
ауруларға бiреуi жатпайды –
A) миокардиттер
B) жүрек ақаулары
C) миокардиодистрофияның I сатысы
D) дилятациялық кардиомиопатия
E) экссудаттық перикардит
21. Митраль стенозында байқалады:
A) сол қарыншаның жеке ұлғаюы
B) жүрек шектерінің тек солға ығысуы
C) жүрек шектерінің солға және төмен ығысуы
D) өрлеме аортаның кеңуi
E) жүрек мықынының жойылуы, сол жүрекше ұлғаюы
22. Митральдi регургитациясы бар науқастардың рентгенографиясында
болуы мүмкiн көрiнiстерге бiреуi тән емес:
A) сол жүрекше дилятациясы
B) сол қарынша дилятациясы
C) аорта түбiрiнiң кеңеюi
D) өкпедегі веналық iркiлiс белгiлерi
E) жүрек мықынының тегістелуі
23.
Үш
жармалы
қақпақтық
регургитациясы
бар
науқастардың
рентгенографиясында келесi өзгерiс болуы мүмкiн:
A) жүректiң оң бөлiктерiнiң дилятациясы
B) сол жүрекше дилятациясы
C) диафрагманың жоғары тұруы
D) аорта түбiрiнiң кеңеюi
E) жүрек мықынының тегістелуі
24. Митральдi шамасыздықтағы негiзгi гемодинамикалық параметр:
A) сол қарыншадан сол жүрекшеге қанның керi қайтуы
B) сол қарыншаның гипертрофиясы
C) пассивтi өкпелiк гипертензия
D) сол қарынша гипертрофиясынан дилятациясының басым дамуы
E) оң қарынша гипертрофиясының жоғары дәрежесi
39
25. Ақаудың митралдануында аорта қақпағы шамасыздығының ЭКГ
көрiнiстерiне қосылады –
A) электр өсінің солға ығысуы
B) V
1,2
-де терең S тiсшесi
C) I, АVL, V
4
-
6
биiк R тiсшесi
D) I, АVL, V
4
-
6
тiркемелерiнде Р тiсшесi қос өркештi
E) Сол кеуде тіркемелерінде ішкі ауытқу интервалының өсуі
26. Митраль стеноз кезінде систолалық шу естілуі мүмкін:
A) митральды қақпақтың ілеспелі шамасыздығында
B) үшжармалы қақпақтың шамасыздығында
C) аорта сағасының стенозында
D) “түтік тәрізді” стенозда
E) аталғандардың барлығында
27. Аорта сағасының айқын стенозында білезік артериясындағы пульстің
сипаты:
A) өзгермеген
B) баяу, кіші, төмен
C) жиі, үлкен, биік, секірмелі
D) асимметриялы
E) парадокстік
28. Аорта сағасының стенозындағы систолалық шудың белгілеріне тән
емес:
A) жүре пайда болған жүрек ақаулары кезінде пайда боған шулардың
ішіндегі дөрекісі
B) қарт адамдарда сол қолтық асты аймағына берілуі
C) мойын веналарына берілуі
D) қарт адамдарда жүрек ұшында естілуі
E) жүрек негізінде систолалық дірілдің сипалуы
29. Эбштайн аномалиясы:
A) үшжармалы қақпақшалардың оң қарынша ұшына ығысуы
B) оң қарынша қуысының кішіреюі
C) оң жүрекше қуысының ұлғаюы
D) аталғандардың барлығы
E) ешқайсысы емес
30. Эйзенменгер кешені –
40
A)
жоғары орналасқан қарынша аралық дефект пен аортаның
декстрапозициясы
B) оң қарынша қуысының кішіреюі
C) оң жүрекше қуысының ұлғаюы
D) аталғандардың барлығы
E) ешқайсысы емес
Тест тапсырмаларының жауаптары:
1 – E, 2– A, 3 – В, 4– A, 5– A, 6 – E, 7 – A, 8 – A, 9 – A, 10 – В, 11 – D, 12 – C,
13 – В, 14 – A, 15 – D, 16 – A, 17 – A , 18 – В, 19 – В, 20 – С, 21 – Е, 22 – В,
23 – A, 24 – A, 25 – D, 26 – D, 27 – В, 28 – C, 29 – D, 30–A
|