44
Ғылым мен техниканың даму тарихынан
ПРОЕКТ
12. Қуатты бу турбинасының роторы 3000 айн./мин жасайды. Оның жұ-
мыстық дөңгелегінің диаметрі 2,7 м. Осы трубинароторының бұрыш-
тық жылдамдығын және ротор қалақшалары ұшының сызықтық жыл-
дамдығы мен үдеуін табыңдар.
Доғаның ұзындығын радиуспен өлшеуді және
осы өлшеулерге сәйкес ра-
диустардың арасындағы бұрыштарды бағалауды
алғаш қолданған әл-Каши
болатын. Ол 1/60 радианға тең бұрышты бір
өлшем бірлігі ретінде санап, оны
диаметрдің бөлігі
деп атады. Сонымен қатар әл-Каши
бұдан да кіші туынды
бірліктерді қолданды.
Араб математигі және астрономы саналатын
Гияс ад-Дин Джамшид ибн
Масуд әл-Каши 1380 жылы Иранда өмірге келіп, 1429 жылы (кей деректе 1436
жылы) қайтыс болған. Атақты Әмір Темірдің немересі
өз заманының әйгілі
астрономы Ұлықбек (1393–1449) Самарқанда 1420
жылы сол кездегі ең озық
обсерваторияны салдырғаннан кейін жан-жақтан
келген көрнекті ғалымдардың
ішінде әл-Каши де болды. Ол «
Шеңбер туралы
» деген трактатында
≈
3,14 (
пи
)
санын үтірден кейін 16 санға дейінгі дәлдікпен анықтай алған екен. XVIІ ғасырға
дейін бірде-бір математик мұндай дәлдікке қол жетізе алмаған. «
Арифметиканың
кілті
» деген трактатында ондық бөлшектердің теориясын бірінші рет жүйелі түрде
баяндайды. Дәлірек айтқанда ондық бөлшектер ұғымын енгізеді (бұл ұғым туралы
қытайлықтардан білгенін жазады), ондық бөлшектерге амалдар қолданудың не-
гізгі ережелерін тұжырымдайды және сол уақыттарда
қолданылып келген бөл-
шек сандар жүйесін ондық бөлшектерге ауыстыру тәсілдерін көрсетеді.