121
шайқалған бір кеме секілді батып кетуі мүмкін еді. Тілде мың түрлі шетелдің әні,
ауыздарда ӛлтіруші шарап, кейбірі эротизммен мас, кейбірі
жыныстық құмарлыққа мас,
кейбірі сандырақ пәлсапасына түссе, кейбірі басқа нәрселерге табынуға жүгіреді. Міне,
дәл осы кезде бӛтен қол гипноздалған осы рухтарды метромен ӛз әлемдеріне таси
бастады. Бүкіл бір ұрпақ Хасан Саббахтың жалған жұмақтарына ұқсайтын осы
жұмақтарға шақырылған еді!...
Кеше бір таңданыс ішінде «Мәлика Сұлтанға ғашық тәжірибесіз жастардың
орнында қазір қолы қан, үсті қан, бауыры қан және не істейтінін
жақсы білетін бір
ұрпақ бар еді. Енді сырттағы шиеленіс және қақтығысқа басқа себепті іздеудің қажеті
бар ма? Қанағаттандырылмаған, тойдырылмаған, тіпті тәрк етілген бір ұрпақтың түрлі
лагерьлерге бӛлінуі және бірін-бірі қыруы қалыпты емес пе? Бүгінге дейін оның ішкі
құлдырауын сезе алдық па? Оны тексіздендірген себептерге бара алдық па? Алайда,
оған жауыздықты үйреткен жендеттерден қорғаушы періште секілді оның жанында
болуымыз керек емес пе едік? Ӛкінішті!... Мың бір түрлі жауыздық сценарийі сахнаға
қойылғанда үнсіз, әсерсіз қалдық... Иә, тұтас бір ұлт ретінде ареналардағы күресті
тамашалағандай тамашалаған осы қанды әрекеттен ештеңе түсіне алмадық па?
Сахнаның осыншалықты әр түрлі алдатушылығы, вальстің ұйытушылығы және
костюмнің кӛзді жаулауы алдында ойналған ойынның шынайы жүзі мен жабайылығын
алғаш сезген соңғы күзет бӛлімінің қаһарман күзетшілері болды. Бұл сезу үміт
дүниемізде қайтадан ӛзімізге келуімізді және ӛз-ӛзімізді тануымызды қамтамасыз етті.
Негізінде мұны бір сезу деуге де келмейді. Бұл дұшпанды жақсылап ұстау және бір
жеңіс. Қоғамдық құрылымның сыртқы бірқатар жалғандардан тазару,
арылу және
негізіне оралу жеңісі. Бұл жеңіс ӛзінен үміт етілген нәрсені орындаған жағдайда
түріктің жеңістері арасында ең жоғары орынды алады. (Мұндай бір алғашқы ішкі
зерттеу
273
мен сезуге басқа жазбамызда тоқталдық және ғазилер ошағының ері
Мехметчикке алғыс айтылды
274
).
Кӛп жылдардан бері мың түрлі шабуылға ұшыраған құрылымның бұлай тез
арада жақсаруы да мүмкін емес екені ақиқат. Негізді және шынайы бір әрекет керек еді,
сонда ұлттық құрылымды кемірген шаяндар бейтарап етілер еді...
275
Міне, енді үлкен үміт пен қуаныш ішінде ғасырлық күтудің нәтижесі болған осы
соңғы тірілуді соңғы күзет бӛлімінің бар екендігі мен
сақталып қалуына белгі деп
санап, үмітіміз үзілген жерде Қызыр секілді кӛмекке жеткен Мехметчикке, тӛңкерістің
жоғары деңгейіне жетуін тілейміз
276
.
Достарыңызбен бөлісу: