Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия


таным процесі субъект пен объектінің



Pdf көрінісі
бет21/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
Философия ответы

таным процесі субъект пен объектінің
өзара әрекеттесуі 
ретінде қарастырылады. Таным – шынайылықтың адам санасында бейнелену 
процесі.Таным барысында болмыстың әртүрлі қырлары ашылып, қоршаған 
әлемдегізаттар мен құбылыстардың, сыртқы жақтары мен ішкі мәні зерттеліп, 
таным әрекетінің субъектісі
– адам – адамды, яғни, өзін - өзі зерттейді. 
Танымның нәтижелері жеке адамныңсанасында ғана қалып қоймайды, ол 
ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты материалды тасымалдаушылар арқылы жеткізіліп 
отырады.
Қазіргі зерттеулерде таным теориясымен байланысты мәселелерді зерттеуде 
мағынасы жағынан гносеология тең 
эпистемология
(грек.т. episteme – білім, 
таным) термині кең қолданыс табуда. Ғылыми танымның басты құрамдас 
бөліктері 
теорияжәне гипотеза
. Ғылыми танымның 
теоретикалық деңгейіне
теоретикалық әрекет пен теоретикалық білімнің бірлігі жатады. Ал теорияның 
мазмұнын оның негізгі және арнайы ұғымдары мен тұжырымдары 
құрайды.Ұғымдарда берілген
теорияның объектілері,
олардың қасиеттері мен 
қатынастары бейнеленеді. Ал теорияның тұжырымдарында тұтас жүйе ретіндегі 
пәндік аймақтың құрылымы, заңдылықтары мен тәртіптері сөйлемдер арқылы 
бейнеленеді. Ал 
гипотеза
ақиқаттылығы немесе жалғандығы әлі анықталмаған 
пікірлер немесе ықтимал білім формасы жатады. Гипотеза міндетті түрде 
тәжірибе арқылы зерттеуді талап етеді. Гипотеза тәжірибеарқылы тексеруден 
өтіп, нақтыланса ғана ақиқаттылығына еш күмән келтірмейтін ғылыми теорияға 
айналады. 
 
24.Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. 
Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық
ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып
табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып,
мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным -
адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің
әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары
қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе
Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным
табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі.
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд
философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе
өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де,
ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам
туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты.
Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады 
соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, 


сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-
бiрiнiң себебi болып
табылады, өйткенi субъектiсiз 
объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.
Субъект және объект алғашында заттың қасиетін, күйін, әрекетін білдіретін 
субстанция 
түсінігімен 
мәндес 
ұғым 
болды.Философиятарихында 
субъект және объект ұғымының мағынасы түбегейлі 
өзгеріп,онтологиялықауқымнан шығып,гносеологиялықмәнге ауысты.
Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. 
Таным объектiсiн таңдауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау 
адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен 
айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, 
екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.
Таным объектісі материялық, дүние немесе
рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным
объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз
объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-
біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен
объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Білім —
адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды
дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың
бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі —
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады
Таным объектісі материялық, дүние немесе
рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным
объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз
объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-
біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен
объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Білім —
адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды
дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың
бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі —
таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет