адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы
алғашқы мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге
сенім (Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез
құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға
сену (Д.Б.Пратт) және тағы басқа.
3 Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері:
эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Строс)
Діннің қоғамдық-рухани көрінісінің әралуандылығына қараңыз: шексіздіктен
адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф.Шлейермахер); табиғат туралы алғашқы
мифтердің символикасы (М.Мюллер); көрінбейтін рухани мәндерге сенім
(Э.Б.Тайлор); құдіреттік сенім (Дж. Хаксли); сенуші адамдардың мінез құлқын
қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А.Н.Уайтхед); тағдырға сену
(Д.Б.Пратт) және тағы басқа. Дін – күрделі жүйе, ол діни сананы, діни
институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дін
құрылымына келсек, оған: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни
ұйымдар мен секталар кіреді.
Леви-Стросс дінді құрылымдық тұрғыдан түсінді. Діни феномендердің жүйелі
динамикасының негізінде іргелі құрылымдар жатыр деп санады. Діни
феномендер тұлғасыз құрылымның «функциясы» болып табылады. Осылайша,
құрылым – мәнділік, ал дін – феномен ретінде бекітіледі. Леви-Стросс үшін дін,
магия және ғылым, символдық жүйелерден құралатын бүтін мәдениет сияқты,
бұл символдар бейсаналық құрылымдармен реттелген. Оның пікірінше, дін –
табиғат заңдарын адамиландырудан, ал магия – адам іс-әрекеттерін табиғи
қылудан тұрады. Леви-Стросс мифологияны тілмен салыстыра келе, тілдің
қалыптасуы сияқты мифологияның қалыптасуы да түсініксіз екендігін көрсетеді.